» » «Эко интеллект» жобасы бастау алды

«Эко интеллект» жобасы бастау алды

  «Жас Отан»  Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының бастымасымен «Абзал и К» ЖШС-мен бірлесе отырып облысымызда «Эко интеллект» жобасы бастау алды. Аталмыш жобаға қатысушылар    қаламыздағы тарихи ескерткіштерді  көркейту, тазалау жұмыстарымен айналыса отыра, қазақ тарихымен тереңірек танысатын болады. Бұл жоба  бүгін Келменбет батыр саябағында алғаш бастауын алды. Бірінші бөлімінде Келменбет батыр саябағының аумағы мен батыр ескерткіші  тазаланып, екінші кезеңде батырдың өмір баяны  кеңінен насихатталды. Эко бастаманың жалғасы ретінде үшінші кезеңде интеллектуалды сайыс ұйымдастырылып, қатысушыларға еліміздің тарихы мен батыр өмірінен сұрақтар қойылды. Нәтижесінде бірінші, екінші және үшінші орын алған қатысушыларға «Zhekas doner» асханалар желісінен 5000 (бес мың)  теңге  көлемінде тегін тамақтануға мүмкіндк беретін сертификаттар табысталды. «Эко интеллект» жобасы алдағы уақыттарда басқада тарихи ескерткіштерде өз жалғасын табатын болады. Жасотандықтар игі бастамаға қала тұрғындарын белсене қатысуға шақырады.
05 сәуір 2019 ж. 609 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031