» » Шымкентте автокөлік көпірге соғылып, жолаушы өртеніп кетті

Шымкентте автокөлік көпірге соғылып, жолаушы өртеніп кетті

  "Audi 100" автокөлігі қатты жылдамдықпен көпірдің бетон тіреуіне соғылған
Шымкент-Леңгір автожолында, Қапал батыр көшесінде жантүршігерлік жол апаты болды. Жоғары жылдамдықпен келе жатқан "Audi 100" автокөлігі көпірдің бетон тіреуіне соғылған. Салдарынан автокөлік өртеніп кетті, деп жазды otyrar.kz. Жүргізуші жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Шетелдік көліктің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Оқиға куәгерлері алдыңғы орында өртенген мәйітті көргендерін айтуда.
Расталмаған мәліметтерге қарағанда, көлікте тағы екі адам болған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп, қызыл жалынды сөндірді. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

08 сәуір 2019 ж. 682 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031