» » К. Шәмшидинова: Қала мұғалімдерінің жалақысы 158 034 теңге болады.

К. Шәмшидинова: Қала мұғалімдерінің жалақысы 158 034 теңге болады.

  Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Жаңаөзендегі бірқатар нысандарды аралады. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Ведомство басшысы мектеп-гимназияда педагогикалық құраммен кездесті.  Сондай-ақ оған ІТ және робототехника сыныптарындағы оқушылардың жұмысы таныстырылды»,  — делінген баспасөз ақпаратында.

Былтыр Маңғыстауда 6300 орындық 9 мектеп пайдалануға берілді. Жаңаөзен қаласында 2018-2019 оқу жылында 2 жаңа мектеп іске қосылды.  Жалпы,  қалада 24 орта мектеп жұмыс істейді,  онда 30579 оқушы білім алады.
К. Шәмшидинова атап өткендей, 1 шілдеден бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 30% артады.  Осылайша,  жоғары санаты бар қала мұғалімінің жалақысы 158 034 теңге,  ауылдық жерлерде — 180 908 теңгені құрайтын болады.
08 сәуір 2019 ж. 657 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930