COROLLA САТЫП АЛУҒА ТИІМДІ МЕ?
Бір уақытта ең көп сатылатын және аса күтім қажет етпейтін автокөлік болу оңай емес. Мысалы, елімізде Toyota Corolla-ны көркемдігі үшін сатып алушылар сирек. Жалпы айтқанда, біз үшін көлік емес, миллиондық тиражбен таралып жатқан бұлыңғыр таңба іспетті. Бұл көлікті қозғауымыз бекер емес. Өйткені Auto бетінің оқырмандары үшінCorolla-ны жан-жақты зерттеп, ұсынуды жөн санадық.
Тұлпар тізгіндеушілердің арасында Corolla-ны кім алады? деген сауал жиі туындайды. Бұл көлікке елімізде сұраныс жоқ деуге толық негіз бар. Ал Оңтүстік-Шығыс Азия мен Солтүстік Америкада жағдай мүлде басқаша. Ол жақта Corolla-ның танымалдылығы сонша әр нарық үшін өзіндік нұсқасын шығаруын әлі жалғастыруда. Тіпті Corolla Гиннестің рекордтар кітабына енген. Мұның құпиясы неде? Өйткені «Тойотаның» бірнеше жақсы қасиеттері Corolla-ның бойына жинақталған.
Сұр түс жарасымды
Сұр түс барлық көлікке үйлесімді. Дегенмен бұл түс тек Corolla-ға тән десек артық айтқандық емес. Себебі оның басым бөлігі осы түспен экспортталады. Сұр түс қандай да бөліктерді жасырады деп ойламаңыз, керісінше барлығын айшықтап көрсетеді.
Жүк тасымалдауға ыңғайлы
Corolla көп жағдайда отбасындағы жалғыз көлік болғандықтан үй шаруасына да қолайлы болуы шарт. Сондықтан үлкен жүксалғыш пен салондағы ыңғайлы жасырын орындар жүк салуға қолайлы.
Артықшылығы
80-жылдардағы сағат әлі де бір дизайнмен жалғасын тауып келеді. Жарықдиодты басты жарық. Бұл басқа класстағы автокөліктерде сирек кездеседі
Ұнамды жері:
Жүрісінің бірқалыптылығы,шайқалусыз не артық базданусыз жайлылығы, сыйымдылығы,жолаушыларға да, жүкке де орын жеткілікті болуы, жақсы өтімділігі тұтынушының көбіне ұнайды.
Ұнамсыз тұстары:
Желісті динамика, мультимедиа жүйесі,сенсорлы батырмалар жақсы болуы мүмкін, бірақ дыбыс күшейтуді бұралатын етіп қалдыру керек еді.
Сатып алмай тұрып, сату туралы ойлану
Сыртқы көзқарас:
Павел Ким,
жеке автокөлігі Renault Duster.
Егер болашақ жұбайлар үйлену тойынан бұрын ажырасқанда мүлікті бөлудің ерекшелігі жайлы ойлауды бастаса, онда олардың некесіне не болады? Еш жақсылық болмайтын сияқты. Ал егер автокөлікті сатып алмай тұрып, оны сату туралы ойланса ше? Онда Toyota сатып алынатын шығар. Corolla-ның драйв сынағы мені осындай ойға қалдырды. Седанның артықшылығы жайлы ойлана отырып, ең алдымен мұндай көлікті жылдам әрімді тиімді сатуға болатынын еске түсірем. Жаңартылған Toyota Corolla-ның рөлінде отырған сәтте санада бірнеше нәрсе қалды. Ыңғайлы, түсінікті, заманға сай көлік. Қандай да бір айтарлықтай кемшіліктері жоқ. Сол себепті «көлік қалай екен?» деген сұраққа бірден: «Жақсы екен, ұтымды сатып жіберуге болады», – деп айтқың келеді. Расында, екінші нарықта 4 жасар жапондық седанның бағасы шамамен 4 млн теңгені құрайды, бұл негізгі корейлік бәсекелестерден қымбат. Hyundai Elantra бағасы жарты миллионға төменірек белгіленеді, ал Kia Cerato-ны сату барысында, миллионнан қағылуыңыз мүмкін. Дегенмен, көңіл түсірер бір нәрсе бар: жоғары баға және әлсіз динамика. Оның үстіне, алдыңғысымен де, кейінгісімен де Қазақстанда ештеңе істей алмайсыз.
Тарихы
Алғашқы Toyota Corolla осыдан тура 50 жыл бұрын пайда болған және бұл үлгінің он бір буыны жайлы өте ұзақ әңгімелеуге болады. Ал біз әлемдегі ең танымал көліктің тек шешуші сәттеріне тоқталамыз. 1966 жылы жарыққа шыққан алғашқы буыны шағын (ұзындығы бар болғаны 3 845 мм), шамдары домалақ артқы жетекті көлік болатын. Corolla әр буынында өсе түсті (қазіргі буын ең алғашқы «Королладан» 80 см-ге ұзын), моторының көлемі артты (1966 жылы 1.1.-1.2 болса, қазір 1.3-2.0).
Жиынтықтама
Қазақстанда Corolla бірнеше жиынтықта ұсынылады. Базалық көлікті қосқанда барлық көліктер АВS, күндізгі жүру жарықтарына және Isofix бекіткішіне ие. Біздің нарыққа бейімделу барысында Corolla қозғалтқыш картерінің болат қорғағышымен жабдықталған. Ең қолжетімді «Комфорт» нұсқасы тек 1.3 литрлік кіші мотормен және механикалық ББҚ-мен ұсынылады әрі тек алдыңғы орындықтарды жылытқышпен, желдеткішпен, алдыңғы әйнек көтергіштерімен және фронтальді қауіпсіздік жастықтарымен ғана мақтана алады. Дөңгелектері болаттан жасалған, 15-дюймдік. Мұндай көлік 5 640 000 тұрады.
Моторлар гаммасы
Қазақстанда Corolla бензинді моторлардың екі нұсқасында қолжетімді. Моторлардың екеуі де шынжырлы ГТМ (газ тарату механизмі) және газ тарату фазаларын өзгерту жүйесі бар төрт цилиндрлі. Базалық 1.3 литрлік 2NZ-FE 99 а.к мен 128 Нм күшін арттырады. Анағұрлым қуатты 1.6 литрлік 1ZR-FE қозғалтқышы 122 а.к мен 154 Нм береді.
Қауіпсіздігі жайлы
Жаңартылған автомобильдердің краш-сынағын Еуропада әлі өткізіп үлгерген жоқ, бірақ күштік құрылымының бұрынғы қалпында қалғанын ескерсек, онда қауіпсіздігі 2013 жылғы нұсқасына ұқсас деуге болады. Рестайлингке дейінгі Corolla EuroNCAP рейтингінде қауіпсіздігі үшін ең жоғарғы 5 жұлдызға ие.
Қорытынды
Қазақстандықтар үшін Toyota – бұл Camry және Prado. Бұл тізімде өкінішке қарай бүгінгі көлігімізді қоса алмаймыз. Дегенмен Қазақстанда Corolla-ның өте жауапты міндеті бар. Өзге көліктерге қарағанда айтарлықтай жақсы. Бұл сөзімізге дәйек оның 40 миллионнан астам сатып алушысы
Бибарыс ҒАЛЫМҰЛЫ