» » Жұлдыз – жорамал

Жұлдыз – жорамал

  Тоқты
    Жақындардың арасында жиі кикілжің туындайды. Ұрыс-керісті бастайтын өзіңіз боласыз. Ұсақ-түйекті сөз етіп, болмашыға ашуланасыз. Дегенмен жоспарыңыз сіз ойлағаннан да керемет болады.
  Торпақ
  Жемісті апта. Көп сауалдарға жауап аласыз. Алайда көкейкесті мәселенің жауабын табасыз, дегенмен көңіліңізде әлде де болса алаңдаушылық болады. Сабырлылық танытсаңыз барлығы орнына келеді.
  Егіз
   Көп істе жетістікке жетуге болады. Ол үшін шыдамдылық қажет, сондай-ақ ұсақ шаруаларда серіктесіңізге жол берген жөн. Осыларды орындасаңыз абыройыңыз арта түседі.
   Шаян
    Ақшаңызға абай болыңыз. Көп қаражат жаратудан сақ болыңыз. Сізге қастық жасағысы келген жандарға жауап қайтара біліңіз. Жақындармен сырласыңыз. Тек көп сыр айтпаған жөн.
   Арыстан
    Еңбектенуді сүйген жандар көп жетістікке жетеді. Табысты болу үшін ең алдымен бастаған істі ертеңге қалдырмаңыз. Сонымен қатар сіз атқаруға тиіс жұмысты өзгелер атқарады деген ойдан аулақ болыңыз.
   Бикеш
    Ішке бүгіп жүрген талантыңыз жарып шығады. Достарыңыз таңқалып, сізді мақтан тұтатын болады. Тіпті кейбірі сізге пайдалы ұсыныс айтуы мүмкін.
  Таразы
   Қызықты жобаларға жол ашылғалы тұр. Сіз бұл мүмкіндікті жіберіп алмауға тырыңыз. Сізге тек батылдық қажет. Өмірлік ұстанымыңыз дұрыс. Сол ойдан тайынбаған жөн.
  Сарышаян
Сәтті апта болмақ. Керемет табысқа қол жеткізесіз. Дегенмен, ұсақ-түйек тірлікті оңай атқарып, басталған жұмысты соңына дейін апарыңыз.
  Мерген
   Қандай жұмыспен айналыссаңыз да, барлығының назары сізде болады. Айналыңыздағылардың барлығы сіз туралы айтады. Бұл сіздің ашуыңызға тиеді. Бірақ ашуға беріліп теріс қылық танытып жүрмеңіз.
  Тауешкі
  Тек өз күшіңізге сеніңіз. Біріншіден, бірігіп жұмыс істеуде әріптесіңізбен тіл табысу қиынға соғады. Екіншіден, оның олқылығынан сіз опық жеп қалуыңыз мүмкін. Сондықтан ешкімге сенім артпаған жөн.
  Суқұйғыш
  Ақшаға қатысты шаруада сақ болыңыз. Келіссөздер жүргізу, келісімшарт жасасуда көп шығынға ұшырап қалуыңыз мүмкін. Жақын таныс емес адамдармен қарым-қатынас орнатпаған жөн.
  Балық
    Аптаға ешқандай маңызды шаруа жоспарламаңыз. Ұсақ тірліктермен айналысыңыз. Біреуге тапсырма бергеннен гөрі, өзіңіз орындаған жеңіл болады. Мойныңызға «ауыр жүк» артпаған жөн.
12 сәуір 2019 ж. 1 145 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031