» » Жұлдыз-жорамал: Болжам мен шындық

Жұлдыз-жорамал: Болжам мен шындық

  Тоқты
    Жақын арада лауазымыңыз жоғарылайды. Мамық орынға жайғастым екен деп жауапкершілікті ұмытпаңыз. Айналаңыздағылар сізден бар көмегін аямайды. Сіздің танымалдылығыңыз артады. Сондықтан мүмкіндікті құр жіберіп алмаңыз.
Торпақ
      Өткенді өзгерту қолыңыздан келмесе де, сүйгеніңізге деген көзқарасыңызды өзгертіңіз. Ақылды емес, жүрегіңізді тыңдаңыз. Сонда ғана жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады.
Егіз
   Апта жаңа әрі ерекше істердің жүзеге асуына көмектеседі. Тылсым күштердің белгілерін өзгенің құпия-сырын білу арқылы анықтай аласыз. Алайда негізгі жұмысыңызбен айналысуды ұмытып кетпеңіз. Сізді көп сыйлық күтіп тұр. Жеке өміріңізде де өзгерістер болады.
Шаян
     Энергияңызды көп шығындайсыз. Айналаңыздағылар жоспарыңыздың жүзеге асуына кедергі келтіруі мүмкін. Уақытыңызды өзіңізге жұмсаңыз. Мұнымен қатар өзіңіз де өзгелердің қатесін есіне салмаңыз.
Арыстан
    Өміріңіздегі тепе-теңдікті махаббат пен көлгірлік бұзуы мүмкін. Өзіңізге жараспайтын әрекеттер жасаудан сақтаныңыз. Шыдамдылық танытсаңыз, мақсатыңызға оңай қол жеткізесіз. Әзірге ең құнды идеяларыңызбен бөліспеген тұрған жөн.
Бикеш
      Күніңіз ертегідегідей таңғажайыпқа толы болуда. Алайда барлығы сіз ойлағандай емес. Көзден кеткен көңілден де алыстайды демекші, сізді достарыңыз ұмытып кетуі мүмкін. Сондықтан олардың жағдайын жиі сұрап тұрыңыз.
Таразы
     Бір істі оңай орындай алсаңыз, қуаныңыз. Жақындардың сөзіне құлақ асыңыз. Жоспарыңыздың жүзеге асуы сол адамдарға тікелей байланысты. Жаңа іспен айналысудан бас тартпаңыз. Алдыңызда тек жақсы күн күтіп тұр.
Сарышаян
   Сіздің мейірімділігіңіз өзгелерге күн нұрындай шашылады. Өзіңіз де жаныңызға жылу сыйлайтын жанмен жолығасыз. Денсаулығыңыз сыр беруі мүмкін. Жұлдыздар дәрігерге қаралуға кеңес береді.
Мерген
      Жолы болғыш бұл жандар кез келген іспен қуана айналысады. Ал жеке өмірде ашулану, еркелеу сынды мінезден аулақ болыңыз. Жақындардың пікіріне қосылуға міндетті емессіз. Бастысы, қолыңыздан көп іс келетініне өзгеден бұрын өзіңіз сеніңіз.
     Тауешкі
Бұған дейін бастан кешірген махаббат сезімі қайтып оралады. Қазіргі әрекетіңіз ұнамай жүрген болса, абай болыңыз. Сіз де, үйіңіз де көп қонақ шақыратын боласыздар. Көре алмай жүргендерден сақтанып, үйіңізге келген қонақтан пайда көруге тырысыңыз. Ұмыт болған достарыңызбен қайта табысуыңыз мүмкін.
Суқұйғыш
    Байқағыштық қасиетіңіз болмаса да, алдыңызда қасқайып күтіп тұрған қиындықты оңай шешесіз. Достарыңызбен көңілді кешке барып, өзіңізге жаңа өмірдің есігін ашасыз.
Балық
Ерекше сыншылдық қасиетке ие боласыз. Жіберген қателіктеріңізді мойындап, бірден шешу жолдарын ұсыныңыз. Осылайша жеке өміріңізде беделіңіз артып, мақсатыңызға жетесіз.



14 наурыз 2019 ж. 894 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031