» » Еңбегіне қарай өнбегі

Еңбегіне қарай өнбегі

  Күн сайын дамып келе жатқан заманда түрлі кәсіпті  дамытуға мүмкіндік бар. Бүгінгі қозғайтын тақырыбымыз нәзікжандылар бизнесі туралы болмақ.
 Бүгінде қыз-келіншектердің арасында қандай кәсіп түрі ұтымдылыққа ие?  Кейіпкеріміз Әйгерім Бақытжанқызы осы бағытта қыз-келіншектерге ой тастағысы келеді. Жас кәсіпкер киімге, ыдысқа және ағаш тақтайларға есіміңізді немесе өзіңізге ұнайтын дүниені басып береді. "Екі балаға қарап, үйде отырғандықтан өзіме қолайлы осындай кәсіп аштым. Бір жағынан, қол қусырып отырғым келмеді. Отағасының жалақысы жетеді, бірақ дым істемей отырғанды өзім ұнатпаймын,"– дейді ол. Оның пайымынша, кез келген істі табыс көзі ретінде қарау қате. Өзіңіз әбден қыры-сырын білетін және одан жаныңыз ләззат алатын хоббиіңізді дамытып, сол арқылы табыс табуға ұмтылған жөн. Өзің жасаған тауарды адамдарға дұрыс ұсын білу де үлкен өнер. Мысалы, сізден қандай да бір тәттіні алған адам оның дәміне, сапасына қарайды. Егер өнім ойдағыдай шықса, тұрақты тұтынушылар да көбейеді. Тауарыңызға жарнама жасауды да ұмытпаңыз. Бір жақсысы, қазір жарнама үшін бұрынғыдай табаныңыздан таусылмайсыз, әлеуметтік желіге жүгінсеңіз жетіп жатыр. Бірден миллиондап табыс тапқысы келетіндер мұндай ұсақ кәсіптің табысын қанағат тұтпауы мүмкін. Бірақ "миллиондар туралы керуетте қиялдап жатқаннан гөрі аз болса да ақша тапқаным жөн-ау" дегенді көбіміз ойлай қоймаймыз. Әйгерімнің айтуынша бұл кәсіпке де қаржы салу керек, сонда ғана ісіңнің игілігін көресің. 
Бұл бизнесті бастағысы келген адамның біріншіден қабілеті, екіншіден қызығушылығы болуы шарт. Содан соң арнайы тәжірибелік сыныптардан өткен жөн. Сонымен қатар нақты табыс әкелетін ортаны білу қажет. Бар өнеріңді салып жасаған өнім расымен де «өтетін зат па, өтпейтін зат па?» осыны анықтап алу керек, сонымен бірге осы кәсіпті дөңгелетіп отырған кәсіпкерлердің кеңесіне жүгінген жөн. Басты міндет – бастаған істі соңына дейін жеткізу.
Байтүгей СУАН
20 сәуір 2019 ж. 676 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031