» » САРЫАРҚАДАН СЫР ЕЛІНЕ СӘЛЕМ

САРЫАРҚАДАН СЫР ЕЛІНЕ СӘЛЕМ

  Қуандық РАХЫМ, әнші:

Өнерді жоғары бағалайтын Сыр еліне гастрольдік сапармен Қуандық Рахым келді. Сарыарқа жері түлеткен дарынды әнші 7 аудан мен шаһарға жеке концертін берді. Тыңдарманы қалыптасқан Қуандыққа сапар барысында сауал жолдаған едік.
– Қуандық, Сыр еліне қош келдіңіз!
– Рақмет, қош көрдік!
– Әр өңірде ұйымдастырылған гастрольдік сапар қалай жүзеге асуда?
– Ерте көктемнен осы сапарларға дайындалдық. Жоспар құрып, өңірлерді кезең-кезеңімен аралауды қолға алдық. Қызылордаға дейін Оңтүстік аймақтағы тыңдармандарыммен жүздесіп, керемет кеш өткіздік. Сыр елі жыры елі деген текке айтылмаған. Өнерді бағалайтын Қызылорданы  түгелдей аралап, өнерімізді тәнті еттік деп ойлаймыз. Бұл сапардың жалғасы Ақтөбе облысында жалғасады.
– Қуандықты Сыр елі қалай қабылдады?
– Жалпы, Қызылордаға үшінші мәрте жеке концертімді өткізіп отырмын. Өткізген үш концертте де театрда тыңдармандарым толы болды. Бұл дегеніміз әншіні жақсы қабылдағаны. Сыр сахнасында халықтың зор қошеметіне ие болдық.  
– Жыл сайын көктемде көрерменіңізбен қауышуға тырысасыз. Репертуарды жиі жаңалайсыз ба?
– Әрине, жаңалаймын. Тыңдармандарыма жаңалық әкелуге тырысамын. Дегенмен көпшілік «Мен қазақпынды» міндетті түрде сұрайды. Сондықтан көпшіліктің ықыласына бөленген әндерді жиі орындап тұрамын.
–  Əн сапалы болса, тыңдаушыға тез жетеді. Жалпы, əн таңдауда сізде ұстаным бар ма?
– Ұстанымым сол, жүрегіме жақын болу керек. Мен əнді бір тыңдағанымда жүрегімді жаулап алатын кішкене де болса, әсер болуы керек. Сондай-ақ сөзді бағалайтын халықпыз ғой. Сөзге баса назар аударамын. Бүгінде жерлестеріңіз Жарасхан Төлебайдың әндерін жиі орындаймын. Репертуарымдағы әндердің 90 пайызы Жарасхандікі. Ал ақындар арасында Елжас Әбділда, Рамазан Амантай, Сәндібек Ботабаев, Нұржан Өмірбай  секілді талантты жігіттердің шығармашылығына үңілемін.
– Репертуарыңыздағы жаңа әннің бірі "Моншақ" белгілі бірі оқиға негізделіпті. Осы жайында айта кетсеңіз...
– Иә, бұл әнді тыңдасаңыз да түсінікті деп ойлаймын. Әннің сөзін Рамазан Амантай жазған.  Автор белгілі бір оқиға тап болған. Нақтырақ айтсам,  қос ғашықтың арасына қалталы азамат тап болып, ақынның сүйгені әлгі бай жігітке тұрмысқа шығып кеткен көрінеді.  Соның салдарынан өлең жарыққа шығып, әуенмен әнге ұласты.
– Сұхбатыңызға рақмет! Шығармашылық табыс тілейміз!
Сұхбаттасқан
Әйгерім ҚУАНДЫҚ
ҚМУ студенті
19 сәуір 2019 ж. 684 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031