"Әлімсақ" – 10

Журналдың "Ақсауыт", "Тарих-таразы", "Жәдігер", "Зерде", "Көкжиек", "Шамшырақ", "Алтын көмбе" сынды арнайы беттері оқырманның зор сүйіспеншілігіне бөленген. Алғашқы осыдан 10 жыл бұрын жарыққа шыққан санында Қазақстанның Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов ақ батасын берген екен. Мерекелік кеште Жастар театрының артистері Нұрлан Көбегенұлының шығармашылығынан өлең оқыды, М.Мәметова атындағы пеагогикалық жоғары колледжінің І курс студенті Санақұл Бексұлтан арнау өлеңін жолдады. Кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Әйгерім ӘБДІРАХМАН