Бұрым

  Қазіргі кезде заман дамып, еуропалық мәдениетке қадам басқан сайын адамдардың киіну үлгісі де, жалпы шаш үлгісі де өзгеруде. Байқасаңыздар, жас қыздардың шашы қысқа, қасы боялған, кірпігі жасанды. Бұрын қазақ қыздары табиғи сұлулығымен тамсандыратын деген сөзді кітаптан ғана оқитын болдық. Әсіресе қолаң шашты айтсаңызшы.
Батысқа еліктеу арқылы біз ең алдымен біздің шашымызды қидық. Әрине сөзсіз киім өзгерді. Киім өзгерген соң өмір салтымызда да, өз өзімізді ұстауымызда да еліктеушілік көзге ұрады. Бұған себеп ашық саясат, яғни шетелдік телехикаялар, жұлдызды бейнеклиптер қазақылыққа қайшы көріністер. Қашанда жүзінен шуақ төгілген, инабатты да ибалы қазақ аруының бұрымымен өрілген өзіндік бей-бейнесін жоғалтып бара жатқанымыз өкінішті әрине. Қайшы тимеген қолаң шаш қыз мақтанышы емес пе еді?!
                                                                                     Арайлым ЕРСІН,
№136 орта мектептің
9 сынып оқушысы
26 сәуір 2019 ж. 1 897 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930