Қамқорлық айы басталды

Акция Қызылорда қаласында «Мәңгілік алау» және «Тағзым алаңынан» басталды. Енді аудандар және Байқоңыр қалаларының орталықтары мен ауылдарда жалғасады. Акция аясында ҰОС батырлары және ардагерлерінің есімі берілген 25 көшеге және 18 ескерткішке тазалық жұмыстары жүргізіледі. Мұнымен қоса «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ардагерлерге «Қамқорлық айы» қолға алынды. Шара мамыр айының 19-ына дейін жалғасады. Шара барысында облыс көлемінде 30 ҰОС, 240 тыл ардагеріне адресті қол көмек көрсетіледі деп күтілуде. Көмекке денсаулық сақтау және әлеуметтік саланың мамандары да тартылатын болады.