» » Жастары белсенді елдің ертеңі еңселі

Жастары белсенді елдің ертеңі еңселі

"Достық" үйінде "Жастар жылы" аясында М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен "Жастары  белсенді елдің ертеңі еңселі" атты жастар форумы өткізілді. Мақсат – Елбасы ұсынған тапсырмаларды жүзеге асыруда көшбасшы жастардың патриоттық іс-тәжірибелерін бөлісу.
 Форумға облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының көшбасшы жастары, ұстаздар қауымы, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Ерекшелігі сол еркін диолог форматында көшбасшы жастардың жүргізуімен өтті. Қызылорда педогогикалық жоғары колледжі оқытушысы, Қазақстан жастар конгресі Қызылорда филиалының атқарушы директоры Шәкизат Қаратайұлы және колледждің шетел тілі мамандығының 4 курс студенті Ая Көбетова модератор болды.
Кездесуде "Жас Отан" жастар қанаты, "Жас сарбаз", қозғалысы, "Мейірім" еріктілер қоғамы, "Жас маман" жобасы, "Дипломмен ауылға!" бағдарламасы, "Саналы ұрпақ" ұйымы бойынша жас ғалымдар, өнерлі жастар, спортшылар, ІТ мамандары сөз сөйледі. Форум екі секциядан тұрды. Бірі "Жастар және ғылым: көзқарас, бағдар, нәтижесі" деп аталды. Бұл бөлімде жастар студенттердің ғылыми әлеуетін арттыру бағытында қол жеткізген жетістіктерін ортаға салды. Екіншісі, "Студенттердің өзін-өзі басқарудағы жаңаша көзқарастары мен тың идеялар" деп аталды. Студенттер қоғамдық жұмыстары бойынша тың идеялармен бөлісті. Сондай-ақ облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Жасұлан Шынтасов, жас өнертапқыштар "Worldskills Kazakhstan" Ұлттық чемпионатының, «StartupBolashak – Менің арманым» жастар бизнес-жобаларына арналған Ұлттық байқау жеңімпаздары Дияс Фазылов пен Константин Цагаловты "Medallion for Excelle" медалімен марапаттады.
Форум сонында аймақтық студент жастарға Үндеу жарияланды.


Динара НҰРЛЫБЕК,
"Жас Отан" жастар қанатының белсенді мүшесі:
– Біз бірлігімен ынтымағы жарасқан тамаша мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Тыныштық пен тұрақтылық салтанат құрған жерде ғана адамдар алаңсыз білім алып, адал қызмет етеді. Тәуелсіздік алған кезеңнен бастап Елбасының басты ұстанымы да жастар мәселесі және жастарды қолдап оларға үлкен мүмкіндік беру болатын. Жастар – қай кезде де елдің жаңа бет бейнесін жасап, жаңа идеяларды ұсынушы. Кезіңде Елбасының өзі елдегі жастар қозғалысының күшті ядросы ретінде "Жас Отан" жастар қанатын құруға бастама жасаған болатын. Міне, осыдан бері "Жас Отан" жастар қанаты елдің салиқалы саясатын қолдаушы және іске асырушы болып табылады. Біздің Отанымыз жаңа даму кезеңіне аяқ басты. Қазақ елі тарихтың ең бір сындарлы сәтінде тұр. Әсіресе елімізде соңғы уақытта қаншама өзгерістер мен жаңалықтар болып жатыр. Қазір әлем назары біздің елімізде. Астана қаласы "Нұр-Сұлтан" болып өзгерді. Біз жастар тарихи шешімге байыппен қарап, Астанамызға Тұңғыш Президентіміздің есімін берілуін шын көңілден қолдаймыз. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы Үндеу жариялады. "Жас Отан" жастар қанаты мүшелері еліміздің дамуына бар күш-қуатымызды, білімімізді аянбай жұмсаймыз.
Әлия ТОҚМЫРЗА,
"Жас сарбаз" қозғалысы мүшесі:
– Елбасының тікелей бастамасымен өмірге келген "Жас сарбаз" қозғалысының ауқымы кеңейіп, жастарды патриотизмге тәрбиелеуде маңызды роль атқарып отыр. Біздің оқу орны қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова есімінде болғандықтан бұл қозғалыс біз үшін маңызды. Оқу орнымызда бізді отансүйгіштікке тәрбиелейтін бірнеше патриоттық жоба, бастамалар бар. Колледждің "Жас сарбаз" патриоттық клуб мүшелері республикаға танымал оқу орны есімін еленген Мәншүктей батырлық болмысын бойына дарыта білген, ерліктің өнегелі ізін өшірмей майдангерлер аманатына адал, отансүйгіш жастар. Қахармандықтың үлгісін көрсеткен шығыстың қос шынарының бірі Әлия есімі де маған бұйырыпты. Мәншүк пен Әлияның ерлік жолы мен үшін нағыз үлгі. Жыл сайын колледжде дәстүрлі түрде Жеңіс күніне орай Мәншүк маршы өткізіліп келеді. Мәншүк маршы батыр қызына тағзым жасаудың ерекше үлгісі. Биыл үшінші рет өткізілгелі отыр. Патриоттық маршқа қатысуға тілек білдіруші жастар саны жылдан жылға артып келеді. Бұл біз бастаған шараның науқандық емес, өміршеңдігі мен өзектілігін көрсетеді. Биылғы жылдан бастап "Шекарашының жас досы" үйірмесі құрылып, осы үйірмеге салтанатты түрде бір топ жастар ант қабылдаған болатын. Сонымен қатар жыл сайын колледжде "Мәншүк кубогы" үшін қазақ күресі өткізіліп келеді. Оқу орнымызда студент жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы "Саналы ұрпақ" және "Жас қыран" жасағы да бар. Сыр өлкесі – кешегі сұрапыл Ұлы Отан соғысында жан қиярлықпен шайқасып, ерен ерлік көрсеткен 22 Кеңес Одағы батырының қасиетті топырағы. Сондықтан Сыр өнірі жастарының бойында қаймағы бұзылмаған бірліктің, берекелі тірліктің, ынтымақтың, ең бастысы, ерлік рухтың болуы міндетті. Біздің басты жетістіктеріміздің бастауы ол – бірлік. Бабалардың тасқа басқан ұлы мұраларын рухани жаңғыртып, тыныштық пен бейбітшілікті, мәңгілік ел мұратын көзіміздің қарашығындай сақтау үшін қашанда бір болайық.
Мөлдір САБЫРЖАН
29 сәуір 2019 ж. 703 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031