» » Жұлдыз жорамал: Алдағы апта қалай өтеді?

Жұлдыз жорамал: Алдағы апта қалай өтеді?

  Тоқты
Өмірлік мақсаттарыңызды айқындап, жоспарларыңыз жазылған тізімді жаңартатын кез келді. Орындалмас армандарды шетке ысырыңыз. Осы тұста жақындарыңыздың пікірін де ескергеніңіз жөн. Жаңа қымбат нəрсе алғыңыз келіп жүрген сияқты. Оның нәтижесіне қиналып жүріп қол жеткізесіз.

Торпақ
Осы күн ішінде белсенділікті төмендеткен жөн. Өйткені, асығамын деп қателік жіберуіңіз мүмкін. Ұйқыңызды қандырып, жақсылап демалып алыңыз. Болашаққа жоспар құру барысында бірнеше нұсқаны қатар қоюды ұмытпаңыз.

Егіздер
Күннің алғашқы бөлігінде басыңызға түрлі идея оралады. Мүмкіндіктердің көп болатындығы соншалық, арасында таңдау жасауыңызға тура келеді. Сол кезде жақын адамыңыздың пікіріне құлақ асыңыз. Ғашығыңыз сіз күткендей әрекеттер жасамайды. Табыспайсыздар және айырылыспайсыздар. Бəрін уақыт еншісіне қалдырасыздар.

Шаян
Бір сәтке көзіңізді жұмып, жүрегіңіздің дүрсілін тыңдап көріңіз. Оны ести салысымен өмірдің ағынын, тіршіліктің қайнап жатқанын сезінесіз. Орындау мүмкіндігіңіз болмайтындықтан, ешкімге уәде бермеңіз. Әлін білмеген әлек болады демекші, атан түйеге өзі көтере алатын жүкті ғана артқан жөн. Жұлдыздар ескі қиындықтарыңыз өз шешімін табатындығын баян етуде.

Арыстан
Барлығы сіздің қолыңызда еместігін мойындайтын сәт келді. Өзге адамдардың пікіріне де құлақ асып, топпен жұмыс істеп жүргендігіңізді түсініңіз. Өзіңізді ұсқынсызбын деп ойлап жүрсіз. Алайда, бұл ойыңыз қате. Одан да сүйіктіңізден сізді не үшін жақсы көретіндігін сұраңыз.

Бикеш
Салдары жаман болатындықтан, бүгін асығыс шешім мен ашуға бой алдырудан аулақ болған жөн. Жақын адамыңызға құпияны әзірге айтпаңыз. Өйткені, материалдық, рухани құндылықтарға байланысты көзқарасыңыз өзгеруі мүмкін. Жаныңыз жаңа сезімге құмартуда. Қалыпты қарым-қатынастан эмоцияға берілуді жөн көресіз. Жаңа адамдармен таныссаңыз да, олармен тағдырыңызды біріктіруге асықпаңыз.

Таразы
Көңіл көтеріңіз, қыдырыңыз, демалыңыз. Көрші қаланы аралауға аттаныңыз, көңіл қалаған жаққа барып келуге таптырмас күн. Жалған романтикаға алданып қалмаңыз. Бүгін жақсы таныстық үшін таптырмас күн. Əр таныстық өз несібесімен келеді.

Сарышаян
Көпшіліктің көзайымына айналғыңыз келсе, жұмбақ жан болып көрінуге тырысыңыз. Шығармашылықпен айналысуға уақыт тауып, философиялық кітаптар оқыңыз. Өзіңіздің түйсігіңізге сеніп, ешкіммен ренжіспеңіз.

Мерген
Мақсатына жетпесе тынбайтын жанға айналуға тырысыңыз. Арманыңыздың орындалатындығына өзгеден бұрын өзіңіз сеніңіз. Қателіктеріңізді анализдеп, алға қадам басыңыз. Дәл қазір өзгелердің де мақсатын жүзеге асыруға көмектесе аласыз. Махаббат сезімінің тәртіпке бағына қоймайтындығын ескеріңіз. Қандай жағдай болмасын, көңіл-күйіңіз түспесін.

Тауешкі
Бүгін еңбегіңіздің жемісін жейсіз. Бойыңыздағы күш-қуатыңыз спортпен айналысуға да, жақсылап көңіл көтеруге де жетеді. Алайда, күдікті іспен шұғылданудың қажеті жоқ. Себебі, нар тәуекелге барамын деп қолыңыздағы бақыт құсын ұшырып алуыңыз мүмкін. Бүгін сіз үшін сәтті күн болмақ.

Суқұйғыш
Бүгін қолыңыздан барлығы келетініне көзіңіз жеткізесіз. Сүйіктіңізді қатты ренжітесіз, бірақ кешке бəрі қалпына келеді. Ал жалғыз жүрген жандар достарымен жиі кездесуге барғандары жөн. 

Балықтар
Бүгін көп іске нүкте қоюға себепші болады. Көп мүмкіндікті жіберіп алғаныңыз үшін өкінбеңіз. Өткенді өзгерту қолыңыздан келмесе де, оған деген көзқарасыңызды өзгерте аласыз. Ақылды емес, жүрегіңізді тыңдаңыз. Сонда ғана жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады. 
05 мамыр 2019 ж. 995 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031