» » Бұқар жұраудың қанатты сөздері

Бұқар жұраудың қанатты сөздері

1. Бәріңіз бір енеден туғандай болыңыз: жат жанынан түңілсін,
айнала алмай ат өлсін, айыра алмай жат өлсін.
2. Әкесіз бала жиын болса бара алмас, барса орын ала алмас.
3. Өлең – сөздің данасы, шындықтың анасы.
4. Абысының арызы – ағайын сәнін кетірер,
Ағайынның арызы – елдің сәнін кетірер.
5. Қу таяқты кедейге дәулет бітпес демеңіз.
6. Аталыдан би қойсаң, адаспас жол мен жобадан.
Атасыздан би қойсаң, босамас аузы парадан.
7. Берік байлаған шешілмейді.
8. Пейілі кең – кемімес, пейілі тар – кеңімес.
9. Алла деген зар болмас, ақтың жолы тар болмас.
10. Жалғыз көпке теңеліп, кегін бір алмас демеңіз.
11. Тоқсандағы қарт бабаң топқа жаяу бармағай.
12. Төрең тақтан таймасын.
13. Жақсы әйел ұл туса – патшадан болмас кемдігі.
14. Ардақталған аяулың күндердің күнінде басқаға олжа болмағай.
15. Ит жүгіртіп, құс салсаң – киген тоның түлкі етер,
Жаманменен дос болсаң – көрінгенге күлкі етер.
16. Көп ішінде бір жалғыз,
Сөйлеп те сөзі өтер ме.
17. Ажал жетпей – жан шықпас.
18. Өтірікті шын қылған – ол адамның қызыл көзді пәлесі.
19. Алатаудан асыңыз, ашуыңызды басыңыз.
20. Әкесі бар баланың жебесі тастан өтеді.
12 мамыр 2019 ж. 544 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031