ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНДЕ

Аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлы жиналған жұртшылықты мерейлі мерекемен құттықтап, ізгі лебізін жеткізді. Сондай-ақ облыстық «Жас сарбаз» бірлестігінің төрағасы Айдос Қожамұратов сөз сөйлеп, ауданымыздағы білім беру ұйымдарының жанынан құрылған «Жас сарбаз» клубтарының жетекшілерін марапаттады. Сонымен бірге аудандық «Жастар ресурстық орталығының» директоры Әділ Ыбырахим әскери борышын өтеуге аттанатын жас сарбаздарға аманат хат табыстады. Салтанатты шара соңы аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының арнайы дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты.