» » Жұлдызың жансын, БЕКСҰЛТАН!

Жұлдызың жансын, БЕКСҰЛТАН!

Бүгінде жаста болса дәстүрлі жыр-терме, ақындық өнерімен  көпшілік көзайымына айналып үлгерген Бексұлтан Орынбасаров – біздің мақтанышымыз.
Бексұлтан – Арал ауданы, Шөмішкөл ауылының тумасы. Жастайынан ақындық өнерге жақын болып өсті. 13 жасынан бастап ақындық өнерін ел алдында сынап, аудандық, облыстық айтыстарға қатысып, жүлделі орын иеленді. Халықаралық «Бозторғай» балалар шығармашылығының жыр-терме жанры бойынша І орын алып топ жарды. Бексұлтанның бойындағы ерекше өнерін байқаған аралдық жырау Айбек Тәңірбергенов оның қабілетін одан әрі шыңдай түсті. Қазір Бексұлтан − Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың I курс студенті. Бүгінде білікті ұстаздардан тәлім алып, шығармашылығын одан әрі дамытуда.
Жас ақынның алғашқы туындысы оқушы кезінде туған жері Шөмішкөлге арналды. Жүрегі махаббатқа толы ақынның «Арман қыз» атты  әні осы жылы жарыққа шығып, ел ішінде шырқалып жүр. «Өнер мінсең ат, ұшсаң қанат, кисең киім, ішсең тамақ» дейді емес пе?! Ауданымызға қарасты Шижаға ауылында өткен Бекұзақ Тәңірбергеновты еске алуға арналған айтыста Бексұлтанның І орын алып, кеудесі қуанышқа толды. Сонда: «Бекұзақтың сөзі алтын, өзі батпан, Аламан айтыстарда сөз ұзатқан. Алдыңда осылайша сөз сөйлесем, Сарқыт деп білгейсіңдер Бекұзақтан. Алланың адамзатқа сыйы құтты, Аймақтан біраз ақындар жиылыпты. Бекұзаққа арналған бұл айтыста Бірінші орын Бексұлтанға бұйырыпты, − деп Сыр сүлейлерінің сарқытындай сөз саптаған жас ақынға сәттілік тілейміз.
Гүлстан САТЫБАЙ,
Арал ауданы,
                                                                                   Шөмішкөл ауылы
19 мамыр 2019 ж. 461 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031