» » Біздің таңдауымыз – парасыз болашақ

Біздің таңдауымыз – парасыз болашақ

  Ел болашағы – білімді ұрпақ қолында. Білімді ұрпақ, ең бастысы, сыйлықты сыйластықтан ажырата алады және оның пайым-парасаты пара берудің соңы жақсылық болмайтынын түйсінеді.
Біз, жастар, ел болып күресіп келе жатқан жемқорлық ұғымына қарсымыз. Әрбір адам бұл жайында естігенде жаны түршігіп, Алланы есіне алу керек деп есептеймін. Сыбайлас жемқорлық − заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беретін, қайда қаражат, қайда пайда болса, сонда тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай келе жатқан қауіпті кеселдің бірі. Бүгінде әлем жаһандық дағдарыспен бетпе-бет келген сәтте Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясының негізінде алға қарай қарыштап дамимыз десек, ел көркеюіне бағытталған қандай да бір істің жүзеге асырылуына басты кедергі сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен жоюымыз қажет.
Тарихы тереңнен бастау алған сыбайлас жемқорлық бүкіл әлемге қауіп төндіріп отыр. Біздің елімізде де бұл мәселеге қарсы күрес шаралары тәуелсіздік алған сәттен бастап мемлекеттің бірінші кезектегі міндетіне айналды. Аға буын өкілдері жемқорлыққа жол бермей, пара алу көрсеткішін мүлде жоқ қылып, жастарға үлгі көрсетсе, еліміздің үкілі үмітін арқалаған қазақ жастары еш тайсалмастан білімнің биік шыңынан көрінеріне сенім мол. Жастар парасыз болашақты таңдайды, парасыз өмірді қалайды, жемқорлықсыз өмір сүргісі келеді. Сонда ғана  саналы ұрпағы бар Қазақстан жарқырап, қарыштап дамиды.
Әйгерім МАРАТҚЫЗЫ,
Қазалы гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушысы
17 мамыр 2019 ж. 1 427 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031