Өз аяғын өзі кескен: Фермер өмірін сақтап қалу үшін қандай әрекетке барғанын түсіндірді
Америкадағы Небраска штатының тұрғыны өмірін сақтап қалу үшін өз аяғын өзі кесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі NBC News басылымына сілтеме жасап.
Курт Кейзер Пендер ауылында астық тасымалдап жүріп оқыс жағдайға тап болады. Аяғы хопперде тұрып қалып, вагон әрі қарай жылжи береді. Хеппер дегеніміз – сусымалы заттарды тасымалдауға арналған бункер вагон. 63 жастағы ер адам жақындарының бәрі басқа жақта жүргендіктен, өзіне өзі ғана көмектесе алатынын түсінген.
Кейзер бастапқыда вагоннан аяғын шығаруға тырысады. Бірақ кейін бұл әрекетінің бекер екенін білген соң қалтасынан пышақты алып, аяғын кеседі.
«Ақырында босанып шығып, үйге қарай еңбектеп бардым» дейді ол.
45 метр жерді еңбектеп өтіп, телефон арқылы көмек шақырады. Ер адамды ауруханаға жеткізіп, кейін қызы жұмыс істейтін клиникаға ауыстырады.
Кейзер бірнеше апта дәрігерлер бақылауында болып, кейін үйге шығарылды. Айтуынша, қалыпқа келу процесі ауыр өткен. Дәрігерлер оның протездің көмегімен жүре алатынын айтты. Фермер журналистерге берген сұхбатында мұндай әрекетке өмірін сақтап қалу үшін ғана барғанын айтты.