» » Зорлық жасаған: Мәселе аяғының кімнен ауыр екенінде болып тұр емес пе? (видео)

Зорлық жасаған: Мәселе аяғының кімнен ауыр екенінде болып тұр емес пе? (видео)

  Ресей Федерациясы Ленинград облысында жайсыз оқиға болды: 38 жастағы ер адам бірнеше жыл бойы азаматтық некеде тұрып жатқан әйелінің қызын зорлап келген. Қылмыс туралы 13 жасар қыз жүкті болып қалған соң белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ca-news.org сайтына сілтеме жасап. 

Қыз бала жүкті болып қалған соң орталық аудандық аурухананың көмегіне жүгінуге мәжбүр болған. Жағдайдан хабардар болған дәрігерлер бірден полицияға хабар берген. 
Тексеру барысында жасөспірімнің жүктіліктің 29-аптада екені анықталған. Қыздың өзі анасының күйеуі Тәжікстан азаматы екенін мойындады. 2017 жылдан бері зорлап келсе де, бұл туралы біреуге тіс жарудан қорыққан. 
Құқық қорғау органдары мигрант-педофильді Тихковиц ауылындағы үйлердің бірінде қолға түсірді. Ол – 1981 жылғы Ресейге жұмыс істеу үшін келген азамат болып шықты. 
Ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Енді ол 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 
31 мамыр 2019 ж. 888 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031