Ел есінде қалғың келсе

Мен баламен арадағы сыйластық сезімді жақсы көремін. Осындай жасампаз ғасырда балабақшадағы бүлдіршіннің ұстазы болғаныма мақтанамын. Тәрбиеші жан-жақты болса ғана, өз мамандығының ұстасы болады. Сондықтан да оның жеке басына ерекше талаптар жүктеледі. Тәрбиеші – адам бағдарын жасаушы, келешек ұрпақтың сәулетшісі.
«Ел есінде бір жыл қалғың келсе – ас бер, он жыл қалғың келсе – ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе – бала тәрбиеле» дейді халық даналығы. Бұл сөздің астында тәрбиеші мамандығының үлкен жауапкершілік иесі екендігі айқын көрініп тұр.
Мөлдір СЕРКЕБАЕВА