» » Жұлдыз – жорамал: Осы аптаға арналған астрономиялық болжам не дейді?

Жұлдыз – жорамал: Осы аптаға арналған астрономиялық болжам не дейді?

  Тоқты
    Еңбегіңіздің жемісін көресіз. Жақындарыңызбен қарым-қатынасыңыз жақсарып, жаныңыз жайдарланып бір сергіп қаласыз. Жұлдыздар дүкен аралап,  киіміңізді жаңартуға кеңес береді.
Торпақ
Аптаның басы қауырт тірліктермен басталғанымен, ортасына қарай барлығы реттеледі. Жұмысыңыз алға басып, мәртебеңіз жоғарыламақ. Дегенмен қаржыны оңды-солды жұмсамаңыз. Үлкен іске қомақты қаржы салу керек болады.
Егіз
Жаңа адаммен жолығып, тың жаңалықтар естисіз. Дәл қазір алға қойған мақсаттың жүзеге асуы қоршаған ортамен тікелей байланысты. Табысқа жету үшін өзге біреулермен серіктес болу керек. Апта қуанышты жаңалық әкеледі.
Шаян
    Үлкен нәтижеге жету үшін көп күш жұмсау керектігі айдан анық. Сондықтан да қолға алған ісіңіздің барынша нәтижелі болуын қаласаңыз, аянып қалмаңыз. Алтын уақытты қадірлеп, әр сәтті тиімді жұмсай біліңіз.
Арыстан
Өміріңізді өзгертетін ұсыныс түсуі мүмкін. Ол ұсыныс сіздің мақсатыңызға қайшы болмаса, қабылдаңыз. Себебі, сіздің бойыңызда көшбасшылық қасиет бар. Өз өміріңізді ғана ойламай, сүйіктіңізге де бір уақыт назарыңызды салып қойыңыз.
Бикеш
     Жоспарланған жұмыстарыңыз толығымен іске асады. Белгісіз жағдайға байланысты маңызды кездесуіңізді кейінге қалдырасыз. Дегенмен жаңа жаңалықтар естейсіз. Қолыңызға қаржы түсіп, дүкен аралайсыз.  
Таразы
   Болашағыңызға жоспар құрыңыз. Беделіңіз өсуі мүмкін. Достарыңыздың ақыл-кеңесіне құлақ асыңыз. Жалғыздықта қалып, ойлануыңызға болады. Ең бастысы уақытында шешім қабылдаңыз.
Сарышаян
   Өміріңізде қызықты жайт орын алмақ. Жоспарыңыздың да жүзеге асар сәті туды. Өзге адамдардың шаруасын шешемін деп жүріп, жеке басыңызға көңіл бөле бермейсіз. Өзіңізге уақыт тауып, бір мезгіл сырт бейнеңізге өзгеріс жасаңыз. Көп сезімге берілмей, жақындарыңызды ренжітіп алудан сақ болыңыз.
Мерген
    Бұған дейін бастан кешірген махаббат сезімі қайтып оралады. Қазіргі әрекетіңіз ұнамай жүрген болса, абай болыңыз. Ұмыт болған досыңызбен қайта табысуыңыз мүмкін.
Тауешкі
   Жолы болғыш бұл жандар кез келген іспен қуана айналысады. Ал жеке өмірде ашулану, еркелеу сынды мінезден аулақ болыңыз. Айналаңыздағылардың пікіріне қосылуға міндетті емессіз. Бастысы қолыңыздан көп іс келетініне өзгеден бұрын өзіңіз сеніңіз.
Суқұйғыш
    Сіздің мейіріміңіз өзгелерге күн нұрындай шашылады. Өзіңіз де жаныңызға жылу сыйлайтын жанмен жолығасыз. Кешке сүйіктіңіздің сізден не жасырып жүргенін білуге тырысыңыз.
Балық
    Бір істі оңай орындай алсаңыз, қуаныңыз. Жақыныңыздың сөзіне құлақ асыңыз. Жоспардың жүзеге асуы сол адамдарға тікелей байланысты болмақ. Жаңа іспен айналысудан бас тартпаңыз. Алдыңызда тек жақсы күн күтіп тұр.


10 маусым 2019 ж. 12 802 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031