Өмір – ғажап
Қазіргі заманның үлкен дертінің бірі – өз-өзіне қол салу. Бұл жағдай жасөспірімдердің арасында жиі кездеседі. Оның себептері де әр қилы. Отбасылық жағдай, құрдастар арасындығы түсініспеушілік және т.б. әсіресе жасөспірімдердің өтпелі кезеңнен өту уақытында, көктем айларында жиі кездесіп отырады. Мен осындай ғажап, керемет және қуаныш пен бақытқа толы мына өмірді ерте қиып, тастап кететін құрбы-құрдастарымды түсінбеймін. Алланың саған берген қамшының сабындай қысқа өмірін неге көңілсіз, бақытсыз етіп өткізуің керек?! Неге өмірдің әрбір сәтін жақсы жағынан көрмеске? Керісінше сен оларды жақсы көр. Әр күніңді үмітпен қарсы ал. Айналаңа зер салып қара, бәрі сен үшін. Құлпырған көктем айындағы талдардың бүршік атқанын көру, құстардың жағымды дауысын есту, жауыннан кейінгі иісті сезу керемет емес пе? Кішкентай ғана нәрсенің өзінен үлкен қуаныш пен бақыт таба білу керек. Жолың болмай, қаймығып, өмірден түіңілген уақыттарыңда сол қиыншылыққа көндіге бермей, керісінше нәтиже шығар. Алға ұмтыл, арманда, алдыңа мақсат қой. Сол армандарыңның жәй ғана арман болып қалуына жол берме. Ең жағымсыз, көңілсіз күндеріңнің өзін қуанышқа айналдыра біл. Ақтілек ЕРБОЛҚЫЗЫ, Жаңақорған ауданы Төменарық ауылы №53 орта мектептің 11 сынып оқушысы |