Құрметті оқырман!
Бүгіннен бастап облыстық «Сыр бойы» және «Ақмешіт жастары» газеті жалпыхалықтық латын қарпіне үйрету жұмыстарын бастайды.
Бұл жоба ҚР Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің негізгі қағидаларын түсіндіру» әлеуметтік жобасы аясында қолға алынып отыр. Бұл әдістемелік құрал латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің әріптерін жазуға үйрету техникасын жетілдіреді. Графикалық тапсырмаларды орындау арқылы тіл үйренуші әріптерді дұрыс жазуды және олардың байланысын ажыратуды үйренеді.
Тапсырмаларды дұрыс орындап, біздің электронды поштамызға газетке жазылған түбіртегімен қоса жолдаңыздар.
«Ақмешіт жастары»