» » Аралда сұрапыл желден мектептің шатыры ұшып кетті

Аралда сұрапыл желден мектептің шатыры ұшып кетті

  Қызылорда облысы Арал ауданында екпіндей соққан желдің салдарынан бірқатар әлеуметтік нысандарға зақым келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жөнінде аудан әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті. Соңғы күндерде Арал аумағында ауа райы күрт бұзылған. Сұрапыл жел соққан. Соның салдарынан №83 орта мектептің шатыры ұшып кетті. Сондай-ақ, мектеп жанындағы «Толқын» балабақшасының сыртқы қоршауы құлап қалған. Орын алған жағдайдан зардап шеккендер жоқ.
«Аталған жағдайға байланысты аудан әкімі Мұхтар Оразбаев бастаған жауапты сала мамандары,  Арал аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері оқиға орнына келді. Келген зиянды қалпына келтіру бағытында ұйымдастыру бойынша жұмыстар басталып кетті», - деп мәлім етті Арал ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Сая Ерәлиева.   
05 шілде 2019 ж. 546 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031