БИЛЕР ОТБАСЫНА БІРЛІК ТІЛЕДІ
Билер кеңесінің төрағасы Зейнолла Нұрсейітов және Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Биманов Барлыбай Жалағаш ауданының тұрғындарымен кездесті. Олар кеңестің жұмысы мен татуластырудың артықшылықтарын түсіндірді.
Іс-шараға аудандық сот төрағасы Мизанбаев Асылхан, аудан әкімінің орынбасары Тәжімаханов Жағыппар, билер, құқық қорғау органдарының басшылары, мекемелердің өкілдері, ауылдық округтер әкімдері мен медиаторлар қатысты.
З.Нұрсейітов сөзінде Кеңестің негізгі міндеті қоғамдағы дауды сотқа дейін шешу екенін атап өтті. Кеңестің қызметі жастарды тәрбиелеуді және қоғамдағы жанжалды азайтуды мақсат ететініне тоқталды.
Іс-шарада аудандық Билер кеңесінің төрағасы Кенжекара Сүлейменов, аудан әкімінің орынбасарыТәжімаханов Жағыппарсөз сөйледі. Олар Кеңес жұмысының маңыздылығын, дауларды соттан тыс шешуді, қоғамда тұрақтылықтың сақталуын тілге тиек етті.
Осы күні билер азаматтарды, соның ішінде сотқа заңды некені бұзу туралы талап арыз берген аудан тұрғындарын қабылдады. Билер өздерінің өмірлік тәжірибесіне сүйеніп, оларға кеңестерін берді. Нәтижесінде тараптар татуласып, отбасы сақталды.
Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі