АДАЛ ҚЫЗМЕТ − АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ
«Тәртіпке бас иген құл болмайды» деп даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы айтқандай қай салада болмасын тәртіп пен қызметке адалдық басты орында. Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЗК-169/1 мекемесінің қызметкерлері арасында қызметтік тәртіптің сақталуы бақылауға алынған.
Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың және қызметтік емес байланыстардың алдын алу мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Мекеме бұл бағыттағы жұмыстарына «ҚР Ішкі Істер органдары қызметкерлерінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығымаз мұнын және ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» №95 және №127 бұйрығын басшылыққа алады.
Мекеменің жылдық, тоқсандық жоспарының басты мақсаты – жас қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылықтарға жол бермеу. Сондықтан да кездесулер мен жиындарда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңға түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Әскери қызметтік дайындық сабақтарының дәптеріне де заң шеңберінде тақырыптар енгізілді. Ұжымда «Нұр Отан» партиясының өкілдерінің, өзіндік қауіпсіздік тобының және Мемлекеттік қызметістері агенттігінің мамандарының қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында кездесулер тоқсан сайын ұйымдастырылып отыр. Жұмысқа жаңадан қабылданған жасмамандарға тәлімгерлік жұмыстары жиі жүргізіледі. Тәлімгерлер маманның зияткерлік даму деңгейін, дене шынықтыру, білімі мен арнайы кәсіби даярлығын ай сайын бақылап отырады. Жас қызметкерлердің кәсіби біліктіліктерін арттыру олардың заңдылықпен тәртіпті қатаң сақтауын қадағалап, кемшіліктері де ұжымдық жиында талқыланып түсіндірме жұмысы жүргізеді. Нәтижесінде ұжым қызметкерлері өздеріне жүктелген міндеттерді абройлы атқарып келді. Белсенді жастар республикалық, облыстық сайыстарда жеңімпаз атанып жүр. Жеке құрам қызметкерлерінің жауынгерлік және дене даярлығы, кәсіби даярлық сабағын жоспарға сай жүргізіп, оларға жауынгерлік даярлықтың әдіс тәсілдерін жан жақты үйретеді. Аптасына екі рет жеке құрам қызметкерлерінің қатысуымен саптық жүріс, әскери нысанды киім үлгісінің сақталуын, қызметтік куәліктердің өз шендеріне сай болуы тексеріледі.
«Жастары жалын жүректі, биік рухты, өршіл намысты болса, сол елдің
еңсесі биік болады» деген еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Жас қызметкердің жігерлі, саламатты өмірді серік етіп, іскер және адамгершілігі мол тұлға болып қалыптасып, қызметке, ұжымға адал қызмет етуі қажет. Егеменді еліміздің жарқын болашағы жолында аянбай еңбек ету біздің борышымыз.
Нұржан КӨШЕРОВ,
ЗК-169/1 мекемесінің
Кадр жұмысытобының
КДЖ аға инспекторы, әділет лейтенанты