» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚОС АЛТЫН

ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚОС АЛТЫН

  Нұр-Сұлтан қаласында VІІ Халықаралық турнирде қызылордалық қос боксшы Тұрсынбай Құлахмет пен Қамшыбек Қоңқабаев топ жарды.
Тұрсынбай Құлахмет 75 келіде сынға түсті. Ол ақтық сында ресейлік Вадим Туковты айқын басымдықпен жеңді. Нәтижесінде өз салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Ал Нұрлан Сапарбаймен күш сынасқан Қамшыбек Қоңқабаев 91 келіден жоғары салмақта алтыннан алқа тақты. Өткен жылғы олимпиада чемпионынан басым түскен Қамшыбек бокстан ұлттық құраманың капитаны екенін айта кеткен жөн.
Естеріңізге сала кетейік, биыл Таиландтың Бангкок қаласында өткен Азия чемпионатында Тұрсынбай Құлахмет чемпион болса, Қамшыбек Қоңқабаев күміс жүлдеге ие болған еді. Енді қос боксшы 7-21 қыркүйекте  Ресейдің Екатеринбург қаласында өтетін Әлем чемпионатына дайындығын жүргізеді
25 шілде 2019 ж. 788 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30