» » ҚАМШЫБЕК ҚОҢҚАБАЕВ БОКСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАНЫҢ КАПИТАНЫ БОЛДЫ

ҚАМШЫБЕК ҚОҢҚАБАЕВ БОКСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАНЫҢ КАПИТАНЫ БОЛДЫ

 Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны болып жерлесіміз, қызылордалық Қамшыбек Қоңқабаев сайланды. Бұл AIBA академиясының базасында өтіп жатқан биылғы жылдың алғашқы оқу-жаттығу жиынында белгілі болды, - деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.
Бұған дейін ұлттық құрама капитаны міндетін атқарған Әділбек Ниязымбетов спорттағы мансабын аяқтады.
"Команда капитаны деген ат үлкен жауапкершілікті жүктейді. Спортшыларға үлгі болып, жол көрсету міндетім деп есептеймін. Жаңа жылдан бастап командаға жас боксшылар қосылды. Құрама біршама жаңарып қалды. Бас бапкеріміз де ауысты. Сол себепті, бәріміз бір жұдырықтай жұмылып, ел намысын абыроймен қорғау үшін бар күшімізді саламыз", - деді Қамшыбек.
Қ.Қоңқабав - бокстан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 2017 жылғы Азия және Әлем чемпионаттарының күміс жүлдегері. 2018 жылғы Қазақстан чемпионы. 
11 қаңтар 2019 ж. 670 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930