» » Ұрмаңызшы мені

Ұрмаңызшы мені

  Көшеде "Ұрмаңыздаршы мені" деген плакат іліп жүрген бойжеткендерді кездестіргендер "не мәселе" болғанын түсінбей аң-таң болуда. Рас, көздері көгергені беттерін байлаған, жалынышты жүрген бойжеткендерді кезіктіргенде аяушылық сезімі оянады. Айдын күннің амандығында тыныштық па деп ойлайсыз? Иә, бұл зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында жасалып жатқан – флешмоб. Флешмоб дегенмен қоғамдық мәселе.
         Статистика департаментінің мәліметіне сүйенсек, облысымызда 2018 жылы 5735  неке тіркелген. Олардың 1708-і ажырасқан. Ал 2019 жылдың бес айында 2181 үйленгендер тіркелсе, бүгінгі күні олардың 860-ы некелерін бұзған. Олардың жаырасу себептері әртүрлі. Еерлі-зайыптылардың арасында түсініспеушілік жиі орын алады. Жұмыссыздық, отбасының ішкі әрекетіне ата-ананың араласуы, ғаламтор − айырылысудың басты себебі. Осылайша ажырасу саны күрт өсуде. "Екі жас шаңырақ көтерді" дегенді естігенде қуанасыз, араға көп уақыт салмай айырылысқанын естіп қамығасыз.
   Жақында шымкенттік бойжеткен бет-аузын көгертіп бояп, оны таңып алып осылайша әйелдерге көрсетілетін зорлық-зомбылыққа қарсы екенін білдірді. Мақсат – көпшілік назарын аудару. Сол үшін де ел алдына "ұрмаңызшы мені" деген жазбамен шықты. Ол журналистерге берген сұхбатында "біз адамдарға әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетудің қажеті жоқ дегіміз келеді. Бірақ ол қанша уақыт өтсе де тыйлар емес. Кейбір ер азаматтар өздерінің мықты екенін күшпен дәлелдегісі келеді", – дейді акция белсендісі.
Жігіттердің қыздарға қол көтеруі таңсық жағдай емес. Өйткені әркез "жігітім ұрды" деген сөзді естиміз. "Ертең тұрмыс құрсан қалай болады, ойлаңсаншы" дейміз. Мәселе осылайша ушығады. Барлығына көз жұмып" оны жақсы көремін " деп тұрмысқа шығады, артынша өзі опық жейді. Себебі күйеуінен таяқ жеген адамды күніне, болмаса да аптасына бір кезіктіреріңіз анық.
– Жеті жыл бұрын тұрмыс құрдым. Жігітім құрбыларыма ұнамады. "Сені сыйламайды қайтесің оны" деді. Ешкімді естігім келмеді. Бәрін жек көріп кеттім. Ақырында араласатын доста құрбы да қалмады. Шаңырақ көтергеннен кейін  кикілжің орын алды. Көп ұрыса беретін болдық. Анам "отбасы болған соң ыдыс аяқ-сылдырламай қоймайды ғой" деген сөзді жиі айтқан соң отбасымды шайқалтпауға тырыстым. Ақырында екеуміз екі жаққа кеттік. Ішіп келіп, қол көтеретінді шығарды. Қол жұмсауы айына бір рет, одан кейін аптаға, бертін келе күнге ауысты. Осылайша ұруы жиіледі, содан кейін айырылысуға бел будым, – дейді күйеуінен жәбір көрген Самал (есімі өзгертілген) есімді бойжеткен.
"Отбасының іргесін берік ұстау" деген сөз бар. Ол − қандай жағдай болмасын төзіп, отбасының қуанышы мен қайғысын бөлісу. Бұл қағидаға берік жандар бар. Күнде тоқпаққа көндіге алмайтындар да бар. Қазақта "не де болса қабірім осы табалдырықтан шығады" деген тіркес бар. Өте ауыр, дегенмен бұл ұл-қызының болашағы үшін бәріне көндігетін ананың сөзі. Бұған бас иесіз әрине. Күнде ішіп келіп, отбасы шырқын бұзған күйеуге төтеп беруге де күш керек.
Күйеуінен опық жеп, күнде тепкінің астында қалған отбасы бірен-саран емес. Олар өте көп. Жалпы қазақстан бойынша жетерлік. Егер бұл жағдай өзекті болмаса ашынған ағайын "ұрмаңыздаршы мені" деп көшеге шықпас та еді. Шыдамас шегіне жетіп ажырасуға бел байлағандар саны да күрт өспес еді...
Мөлдір КЕНЖЕҒҰЛОВА
26 шілде 2019 ж. 407 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031