» » МЕМЛЕКЕТ ҚАРЖЫСЫН ҚОЛДЫ ЕТКЕН

МЕМЛЕКЕТ ҚАРЖЫСЫН ҚОЛДЫ ЕТКЕН

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті «Нұрлы жол» бағдарламасына бөлінген 552 млн теңгені жымқырды деген күдікпен маңғыстаулық «ИПЦ-Альянс» компаниясы директорының орынбасары мен бас инженерін ұстады. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Күдіктілерге республикалық маңызы бар «Бейнеу - Ақжігіт - Өзбекстан Республикасының шекарасы» автожолын қайта жаңарту учаскесінде орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қою арқылы 552 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті «Қазавтожол» ұлттық компаниясының Маңғыстау облыстық филиалымен бірлесіп, «ИПЦ-Альянс» ЖШС директорының орынбасары және бас инженерінің бюджеттік қаражатты жымқыру фактісін анықтады. Қаржы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген. Тергеу жалғасуда. Күдіктілердің кінәсін анықтайтын түпкілікті үкімді сот шығарады», - делінген баспасөз ақпаратында. Бұл туралы inform.kz хабарлады.

29 шілде 2019 ж. 355 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30