ҚОРҒАС ШЕКАРА БЕКЕТІНЕН ШУ ШЫҚТЫ
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиға 31 шілде күні ШЫХО-ның қазақстандық бөлігінде орын алған, - деп хабарлады NUR.KZ
Алдын ала мәліметке сәйкес, халықтың ашуына кеден қызметкерлерінің салмақ лимитінен асып түскен тауарларды өткізбегені себеп болған
Наразы жұртшылық қақпаны қиратып, кеден қызметкерлерінің қарсылығына қарамастан қойманы тас-талқан еткен. Қақтығысқа қатысқандар арасында әйелдер мен балалар да бар. Полиция оқиғада ешкім зардап шекпегені мен қойманың қирамағанын хабарлады. Қақтығыс орнына құқық қорғау қызметкерлері келіп, жағдай реттелген. Тәртіп сақшыларының ақпаратынша, қақпаны зақымдаған бес қатысушы жауапкершілікке тартылды.