» » Балаларын қамап ұстаған

Балаларын қамап ұстаған

Екі баланың анасын Қарағанды облысының алыс ауылына апарып тастаған. Ол жерде бірнеше ай бойы ауыр жұмыс істеді, ал балалар бірнеше күн бойы кішкентай бөлмеде құлыптаулы отырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазір жәбірленуші адам саудасының құрбандарына арналған орталыққа орналастырылды.
«Ол айдалада бірнеше ай жалақысыз, еңбек келісімінсіз жұмыс істеді. Еңбек заңнамасында қарастырылған әлеуметтік кепілдіктер туралы сөз қозғаудың да қажеті жоқ.
Оның 3 және 5 жастағы екі баласы бөлмеге қамалып, анасы ақысыз жұмысқа тартылды. Балалары күні-түні жалғыз отырды, мұғалімдер олармен жұмыс жасамаған, анасымен сөйлеспеген.
Олар аналарын тек түнде көрді. Соның салдарынан балалар жақсы сөйлемейді», - дейді «Қайсар» қоғамдық қорының жетекшісі Оксана Тарабукина.
Енді балаларға ұзақ уақыт түзету жұмыстары керек, әсіресе 5 жасар бала. Анасы мен балалары негізінен макарон өнімдерімен тамақтандырылған. Жемістер, көкөністер және басқа витамин өнімдерін мүлде жемеген. 
Құқық қорғау органдары мұны қылмыс деп санамайды.
«Заңға сәйкес, қылмыс - бұл ұрып-соғу, өмірге қолсұғушылық белгілері. Олар бұл жерден кете алады деп сенеді, өйткені оны ешкім байламаған, ұрмаған. Бірақ бұл қылмыстық заңдағы олқылық.
Ол өзінің балаларымен далада, ең жақын облыс орталығына дейін жол жүздеген шақырым болча қайда бармақ?», - дейді Қазақстанның ішкі істер органдарының қызметі жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі Оксана Тарабукина.
Зардап шеккен Олеся ерте тұрып, тез арада мал қора тазалап, сарайды жуып, ауланы сыпырып, жуу керек болғанан айтады.
«Мен бұрын ауылда тұратынмын. Бізде бәрі болды - баспана, тұрмыстық жағдай. Содан кейін отбасылық себептерге байланысты мен көшеде тұрдым да, ауылға үй шаруасымен айналысуға ұсыныс алдым. Олар лайықты жалақыға уәде берді. Бірақ олар мені алдады, төлемеді. Мен жұмыс істеп жатқан кезде екі балам қамауда болды. Олар терезені қағып, маған қол бұлғайтын», - деп жылайды әйел.
Қарағанды облысы полиция департаментінің хабарлауынша, әйелден арыз түскен жоқ.
Ішкі істер органдарының қызметі жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі Оксана Тарабукина екі баланың анасы полицияға арыз жазбағанын түсіндірді.
«Бізде «Қайсар» қорында адвокаттар бар, олар осы жағдайды талдап, бұл оқиғада қылмыстық құқықбұзушылық туралы ешқандай дәлел жоқ. Соттық әрекет жоқ деген қорытындыға келді. Бұл іс «осалдықты пайдалану» деп аталады. Адам әлеуметтік қиын кезде жүргенде, ол осындай күмәнді жұмысқа келіседі», - деді Оксана Тарабукина.


02 тамыз 2019 ж. 588 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031