» » Орал тұрғыны наннан жиіркенішті "тосынсый" тауып алды

Орал тұрғыны наннан жиіркенішті "тосынсый" тауып алды

   Наннан жәндік табылуы Орал тұрғынының ашуын келтірді
Орал қаласының тұрғыны нан қыртысынан шыбын тауып алды.
Бойжеткен наубайхана жанындағы дүкеннен екі нан сатып алған.
"Нанды алып, наубайханаға бардым. Меңгеруші бөлкедегі шыбынды тырнап алып тастап, мұндай жағдай бізде болып тұрады деді. Содан кейін нанды алмастырып берді. Алайда ол маған берген бөлкеде де шыбын болды", - деп "Мой город" порталы сатушының сөзінен үзінді келтірді
Наубайхана меңгерушісі шыбын көп екенін айтады. Наубайханада әр жерге тұзақ жем ілінген.
"Нан пісіру процесі қиын, біз түнгі ауысымда жұмыс істейміз. Шыбын нанның өзінде емес, қыртысында болды. Нанды пісірмес бұрын, қалыпқа өсімдік майы жағылады, шыбындар, әрине, сол жаққа ұшады. Оны байқамай қалса керек, қалыптың түсі қара", - деді наубайхана қожайыны.

05 тамыз 2019 ж. 761 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031