Күріш те ауырады

Инфекцияның сақталу және таралу жолдарына келсек6 көбінесе жиын-терімнен кейінгі өсімдік қалдықтарында сақталады. Сонымен қатар күріш танаптарында өсетін астық тұқымдасты өсімдіктерде сақталуы мүмкін. Тұқыммен таралады. Дақылдың өсу кезеңінде конидиялар ауа ағынымен де тез тарайды.
Аурудың дамуына қолайлы жағдайлар пайдалануға тіркелген сорттардың ауруға бейімділігі, азот тыңайтқыштарын бір жақты мөлшерден артық қолдану, біркелкі шашпау, инфекция көзі болып саналатын астық тұқымдасты арамшөптер, теңіздік түйнекөлең, күндізгі және түнгі температура арасындағы айтарлықтай ауытқулар, жапырақтарда ылғалдың ұзақ сақталуы.
Күресу шаралары ‒ агротехникалық шараларды қатаң сақтау, ауру көзі астық тұқымдас арамшөптер болғандықтан егістік айналасы мен арасындағы арамшөптерден тазарту, күзде күріш жинаған соң атыздағы күріш сабанын жинап алу, азот тыңайтқыштарын тиісті мөлшерден артық қолданбау, күріш тұқымдарын жаңалау.
Диқандар қауымы күріш атыздарын мұқият назарда ұстап, ауру белгілері байқалса, препараттармен өңдеуге дайын болғаны абзал.
Ақмарал ПАЛМАНОВА,
Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясының
өсімдіктерді қорғау бөлімінің жетекші маманы