» » Жұлдыз-жорамал

Жұлдыз-жорамал

   Тоқты
    Тоқтылар үшiн осы апта қызықты өтедi. Сiз  тобыңыздан бөлiнiп, өзiңiздi жаңа қырыңыздан көрсеткiңiз келедi, бірақ оның қажеті жоқ. Сіз онсызда ерекшесіз. Кез келген шараны белсене қолға алсаңыз, еңбегіңіз нәтижелі болмақ.
 
   Торпақ
    Жаңа апта  сіз үшін  өз мүмкiндігіңізді көрсетуге қолайлы уақыт. Әрі осы кезеңде өзiңiздi мазалап жүрген сұрақтардың  шешiмін табасыз. Бұрын бастаған жұмысыңызды табысты тәмамдап, абыройыңыз жоғарылайды.
    Егіз
     Достарыңызбен  жақсы қарым-қатынаста болыңыз. Ғаламторға көп көңіл аударамын деп уақытыңызды текке жоғалтпаңыз. Жақын арада сiздiң ортаңыз жаңарып, жақсы адамдармен толығады.
    Шаян
    Арманыңыздың көп ұзамай орындалатынына сеніңіз. Жаңа аптада тың жобаларға ерекше ден қойып, тыңғылықты еңбектеніңіз. Алдыңызда тек жақсы күн күтіп тұр.
 
   Арыстан
    Денсаулығыңызға көп көңіл бөліңіз. Апта қарбалас болуы ықтимал, бәріне үлгеру үшін алдын ала жоспар жасағаныңыз жөн.

    Бикеш
    Сіз үшін  бұл апта үлкен жаңалықтарға толы болмақ. Сізге жақындарыңыздан естіген жылы сөз қуат береді, сондай-ақ жұмыс барысында жақсы адамдардың көмегі көп болмақ. Үнемі осындай жылылықты сезіну үшін оларға қамқорлық танытудан шаршамаңыз.

   Таразы
    Өзіңізді дамыту жолында сәттілік күтіп тұр. Күш-қуатыңызды, жігеріңізді жаныған жөн. Маңызды кездесу жақсылыққа жол ашады. Жеке өміріңізде үлкен өзгеріс орын алғалы тұр.

    Сарышаян
    Осы аптада еңбегіңіз ерекше бағаланып, беделіңіз өседі. Ол үшін көп тер төгуіңіз қажет. Барлық нәрсе өзіңізге байланысты. Қиындықтың барлығын тек еңбек жеңетінін ұмытпаңыз.
    Мерген
     Сіз үшін жаңа идеялар мезеті. Бір минутты да босқа өткізбеуге тырысыңыз. Өзіңізді жан-жақты жетілдіруге таптырмас кезең. Жақсы адамдармен танысуыңыз мүмкін. Мұндай таныстық өзіңіздің орныңызды табуға көмектеседі.
   Тауешкі
    Қаражатыңызды жоспарлап, орнымен жұмсағаныңыз дұрыс. Оңды-солды ақша шашып, мол шығынға ұшырау жақсылыққа апармайды. Жаңа бастамаларды ақылмен жүзеге асырсаңыз, жаныңыздағылар жоғары түсіністік танытады.

   Суқұйғыш
   Апта басы қауырт тірлікпен басталса да, ортасына қарай барлығы реттеледі. Қала аралап, қыдырып қайтуыңызға болады немесе кинотеатрға барып, рухани демалыңыз.
   Балық
   Жаңа таныстықпен қатар шығармашылық байланысқа  қолайлы сәт туды. Достарыңыздың  жағдайын біліп қоюды естен шығармаңыз. Қиялыңыз  шынайы өмірден бір табан алыстатып жіберуі мүмкін. Уақыт өте келе бәрі орнына келеді.
15 тамыз 2019 ж. 419 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031