ЖҮГІР

   «Дені саудың – жаны сау» деген қанатты сөзді  білгенімізбен спортпен айналысуға келгенде, басымызды бұғып қалатынымыз жасырын емес.  Қаладағы марафон, акция, велошеру  секілді шаралар ұйымдастырылса, мекеменің ықпалымен ғана әрең барамыз. Кейде әлгі шаралар кәсіби мамандармен-ақ өтетіні өтірік емес. Яғни спорт десе өзегін жұлып берер жандар некен-саяқ.
Спортты жанына серік еткендер өмірде де жеңімпаз болады деген түсінікті түйсікке түйіп, досым "Бизнес бастау" кәсіпкерлік мектебінің менеджері Ислам Ибраймов күнде таңертең жүгіреді. Алғашында тәтті ұйқысын қимай, ойлағаны орындалмады. Содан Ислам бойындағы ұйқыға деген қимастық сезімді жеңудің тың тәсілін ойлап тапты. Өзінің ойлағаны да қызық.  Инстаграм парақшасы арқылы таңғы 5-те тұрып оқырмандарына есеп беруді әдетке айналдырды. Мұнымен қоса таңертең 5 те ұйықтап қалып, жүгіргенін инстаграмға салмағанын бірінші байқаған оқырманына 1000 бірлік салып беруге уәде етті.  Бекітілген ережесі үш рет бұзылып, 3000 теңгеге шығындалды. Дегенмен осы әдіс арқылы о бастағы ойлағаны жүзеге асып, бүгінде спортты өзіне айнымас серік етті.
– Заңдылыққа сәйкес таңғы 5-те жүгіремін. Кешкі уақытта да бұл үрдіс жалғасады. Басында салмақ тастау мақсатында жүгіргенмін, қазір күнделікті әдетіме айналдырдым. «Спорт – денсаулық кепілі» деп жатамыз ғой. Ендеше спортпен шұғылданып, жүгіріп, үнемі қозғалыста жүрген адам өмірде де жеңімпаз болатынына көз жеткіздім, – дейді жас спортшы.
Исламның әдісі саламатты өмір салтын ұстанудың бір ғана мысалы. Мемлекеттің ең басты құндылығы адам ресурсы десек, ал адам денсаулығы – қоғамның өлшеусіз байлығы. Сондықтан сергектік, денсаулық, төзімділік, күш-қуат сыйлайтын спортқа бей-жай қарамайық. Мерекеңмен, спорт сүйер дос!
Ерасыл ШӘРІБЕК
19 тамыз 2019 ж. 481 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031