» » Жар таңдағанда...

Жар таңдағанда...

  Ақ көйлек киіп, арман-мұратын тоғыстырып,  «бізді тек өлім ғана ажыратады» деп неке қиғызған отбасылардың арасында ажырасу жиілеп барады. Бұрын қазақ үшін сүйекке таңба саналатын осы келеңсіздік қазір қалыпты жайға айналған. Ең өкініштісі де осы...
   Қит етсе, шетелге қарап, көш түзейтін бір әдет таптық. Енді қараңыз, АҚШ-та орта есеппен отау құрғандардың АҚШ-та – 43, Англияда – 42, Ресейде – 41 пайызы ажырасып кетеді. Әлем бойынша «ажырасқыш» қалалар қатарына Нью-Йорк (51%) пен Мәскеу (49%) жатады.
      Бір-бірін шын сүйген ғашықтарды ешкім, ешқашан ажырастыра алмайды деген пікір де бұрынғыдай жиі болмаса да ара-тұра естіліп қалады. Бірақ жантанушылар зерттеуі мүлдем басқа шындықты алға тартады. Олар махаббат дегеніңіздің өзі жүйкені жаулап алатын ауру екенін, ал осы «ауру» меңдеп, есі кетіп тұрған сәтте үйленгендердің 40 пайызы алғашқы үш-төрт ай ішінде, 30 пайызы бір жылдан соң ажырасып, үш жыл ішінде солардың 30 пайызға жетер жетпесі ғана отбасын сақтап қалатынын айтады. Психологтардың пікіріне сенсек, ең кемі екі-үш жыл бір-бірін жете танып барып, ақ некесін қиғызған отау иелерінің 80 пайызы шаңырағын шайқалтпай ұстап қала алады.
Қалай десек те, отбасын сақтауда жігіттерге жауапкершілік көбірек артылады. Сондықтан әңгімені жігіттердің жар таңдауда қателесіп кетпеуі үшін не істегені жөн екендігіне қарай бұрайық.
     Қыз айттырудың қазақы салттан бөлек немесе әйел таңдаудың исламдық жолы да бар. Мұхаммед (с.а.с.) бұл туралы: «Жар таңдауда төрт нәрсеге көңіл аудару керек: байлығына, атағына, сұлулығына және дініне. Сен үшін ең абзалы дінді ұстанатын қыз, егер де керісінше болса, сен ұтыласың» деген. Оған алатын қалыңдықтың ең басты қасиеті – имандылығына қоса сұлулығы мен мінезінің биязы болуының да мәні зор екенін қосып қойыңыз.
 Ата-анаңмен ақылдас!
Қазіргі кезде ата-аналардың көбі балалары есейе бастағанда жар таңдауды олардың өз еркіне қалдырып жатады. Тіпті кейде «Үйленетін сенсің, өзіңе ұнаса болғаны» деп әңгіме арасында айтып отырады. Осыны естіп өскен қыз немесе ұл үйленуге шешім қабылдарда «Ата-анам менің ісіме араласпайды. Маған ұнағаны оларға да ұнайды» деп түсініп, өзі қалаған жанмен отбасын құруға бекінеді. Осылайша екі жас көңіл жарастырып, шаңырақ көтермекке ниеттенген соң күйеу жігітті немесе қалыңдықты ұнатпаған ата-аналары олардың үйленуіне қарсы шығуы мүмкін. Ең өкініштісі, көңілі қалаған адамын «Отбасым қарсы болмайды» деп үміттендіріп, кейін ата-анасын ренжітпеу үшін үйленуден бас тартуы жастар арасында жиі кездеседі. Сондықтан отбасын құруды жоспарлаған адамына кесіп ештеңе айтпай тұрып, бұл істі алдын-ала ата-анасымен ақылдасып, шешіп алған дұрыс.  
Туыстары таныстырған жастар көп
Кейбір отбасында ата-аналары немесе туыстарының ержеткен ұлына немесе бойжеткен қызына «Саған қалыңдықты (күйеуді) өзіміз тауып береміз» дейтін жағдайлар болып жатады. Осылайша достарының немесе жекжат-жұрағаттарының балаларымен таныстырады. Кейде мұндай жағдайда жастар ата-анасын ренжітпеу үшін «Сіздерге ұнаса болғаны» деп үйленуге келісім береді. Өкінішке қарай, көбінесе мұндай жұптың арасында сүйіспеншілік емес, керісінше түсініспеушілік белең алады. Өзің сүйіп жалындап тұрсаң да, сезімге беріліп щещім қабылдауға асықпаған жөн. Үйлену- жүрек пен ақылдың үйлесімі.
Байтүгей СУАН
20 тамыз 2019 ж. 552 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031