Жиналыс той

   Қазақ тойшыл қауым. Әр күні тоймен өтеді. Бір аптада жеті күн болса, соның бес күнін тойда өткіземіз. Ал сол тойдың қалай өтетіні енді баршаға белгілі. Тойдағы ысырапшылдық пен той табақты айтпаған күннің өзінде ұсақ-түйек шығын шаш етектен.
Тойда аз адам қамтылды деген күннің өзінде екі жүз адам шақырылады. Сол екі жүз адамның жартысының жартысы тілек айтқанда уақыттың қалай өткенін аңғармай қаласыз.
Жақында құрбымды құтты орнына қондырдық. Ұзату тойы өзгелерден кем түскен жоқ. Адам да көп болды, ойын ойнатылып, би де биленді. Дегенмен тілек санында шектеу болған жоқ. Нағашы жақтан бес, көршіден жеті, жезде мен жеңгеден бес адам жылы лебізін білдірді. "Досым үйленгенде қалай сөйлемеспін" деген құрдасы тура жарты сағат асабаға микрофон бермеді. Ой, сол сәтте залдағы у-шуды көрсеңіз... Алтын уақыттың қадірін түсірмей қайтып-ақ кеткің келеді. Құрбының маңызды күнінде көңілін қалдырмайын деп тағы ойлайсын. Түнгі он екіден өте аяқталған тойда тілектің көп болғаны шаршатып жібереді. "Үйлену тойы жылда бола бермейді" дейді құдаша. Әрі қарай көңіл көтеру үшін мейрамханаға баратын жастар тез-ақ бөлініп шыға келді. Алып бара жатқан ерекшелік жоқ. Ол жақта да айтылатыны сол тілек. Араға бес минут салмай келесіге сөз беріледі. Осылай ұмытылмас күн өтеді де кетеді.
 Әріптесім "кім тойға барғанда тілек айтады" деп сауал тастапты. Көпшіліктің тойға тілек айту үшін баратыны белгілі болды. Рас, жылы лебіз, жақсы сөз кедергі емес. Тілектің жаманы да болмайды. Дегенмен мәдениет деген де болу керек шығар.
 – Кеше құдағиымның кенже інісі үйленді. Тойды жақсы ұйымдастырыпты. Бірақ көп адам шақырылыпты.
– Көп адамның болғаны қызық емес пе?
– Несін айтасыз, тілек те тілек, билеуге мүмкіндік болмады.
– Той тілегімен қызық...
– Ай-қайдам...
Бұл дүкенде өрбіген әңгіме. Осыған қарап-ақ тойда тілек көп айтылатынын аңғаруға болады. Сатушы бір сөзінде кешке тағы тойға баратынын, оған арнайы көйлек алып, дайындалғанын айтты. Бізде әр тойға "бір киім кию керек" деген ұстаным бар ғой. Сосын той аяқталар сәтте "әдемі көйлек" марапаты да өткізіледі...
 Хош, тойда айтылар тілек көп. Көпшілік арасында көсіліп тұрып, сөз сөйлегеннен қысқа-нұсқа тілек айтуға дайындалып келген жөн шығар. "Бұл жігітті өзім өсіргенмін, киімін де өзім жуғанмын. Ол менің көлігіме..." деген сөздің тойда айтылар реті бар ма?  Сондай-ақ той иесін бір күннің ішінде мақтай беру де ыңғайсыз. Қазақта "көз тиеді" деген сөз бар ғой. Оны да ойлаған дұрыс шығар.
М.КЕНЖЕҒҰЛОВА
30 тамыз 2019 ж. 810 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031