ҮМІТ 8 БОКСШЫДА
Бокстан Қазақстан командасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев Екатеринбургте өтетін әлем чемпионатына қатысатын боксшылар есімін атады.
8-22 қыркүйек аралығында өтетін әлем біріншілігіне Қазақстаннан төмендегі боксшылар қатысады:
52 келі: Сәкен Бибосынов
57 келі: Қайрат Ерәлиев
63 келі: Зәкір Сафиуллин
69 келі: Абылайхан Жүсіпов
75 келі: Тұрсынбай Құлахмет
81 келі: Бекзат Нұрдәулетов
91 келі: Василий Левит
+91 келі: Қамшыбек Қоңқабаев
– Команданың дайындығы жақсы өтуде. Барлық боксшылар бабына еніп келеді. Жаттығу жиыны жоспар бойынша өтті. Алға қойылған міндеттердің бәрін атқардық. Спортшыларды дәрігерлер мен ғылыми топ мүшелері өз бақылауында ұстады. Сондай-ақ АІВА аумағында жұмыс істейтін медициналық орталықта спортшыларға барлық жағдай жасалған. Жарақат алған жігіттер де осында емделуде. Бұл жиында барлығы да бар. Орта тау деңгейінде жаттығу жақсы әсерін береді. Енді Нұр-Сұлтанда тағы бір жиын өткізіп, кейін әлем чемпионатына ұшып кетеміз, – деді бас бапкер.