» » ЖАРАСЫМДЫ ЖАНҰЯ

ЖАРАСЫМДЫ ЖАНҰЯ

   "Өнегелі отбасы елдің тұтқасы". Көпке сыйлы, ауызбіршілігі жарасым тапқан отбасыға мұндай баға беруге әбден болады. Отбасының шағын мемлекет екені баршамызға белгілі. Кез келген адамның көңілі жайланатын жанұяда өзіне тән заңдылық пен ереже болады. Ал, Омаровтар әулетінің жазылмаған заңдылығы – әулет үлкенінің ізін жалғастыру ма дерсіз. Себебі отбасы мүшелері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында ұрпақтан ұрпаққа жалғасып еңбек етіп келе жатқан әулет.
Әңгіменің әлқиссасын еңбек жолын есепшіліктен бастап, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған, бүгінде 18 немере, 6 шөбере сүйіп отырған ақ жаулықты Жұпар әжеден бастасақ. Ол 1999 жылдан бастап 2003 жылдар аралығында Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығында еңбек етті. Ізденіс ізінде жүріп, әртүрлі қызмет сатысынан да өткен. Ал, бүгінгі таңда тапқан табысын табанының астында шашып алмай, бейнетінің зейнетін көріп отырған жан.
Әжесінің білек сыбана кіріскен жұмысына сүйсініп, немересі Нұрлыбек Омаров оның ізін басты. Оған дейін аталмыш салада тәжірибесі бар ол 2014 жылы №2 халыққа қызмет көрсету орталығына бас маман болып қабылданды.
Отбасындағы үрдісті Жұпар әженің келіні, Нұрбектің анасы Алмагүл Омарова да бұзбаған. Ол 2000 жылдан бастап Жалағаш аудандық бөлімінің бас маманы болып қызмет атқаруда. Қазір 3 баланың анасы, 4 немеренің әжесі.
Бүгінде біз рухани құндылыққа кенеземіз кеуіп, шөлдеп отырған халықпыз. Жасыратыны жоқ, кей жанұяның жарасымы жоғалуға жақын. Жарасымды жанұя мен ізгілікті қасиеттерге толы әулет көпке үлгі, өнеге болу керек. Ал, біз сөз еткен Омаровтар отбасы көпке үлгі болып, мол ғибрат беріп жүргені қуантады. Біз ұжымымыздағы осындай әріптестерімізді мақтан тұтамыз.
04 қыркүйек 2019 ж. 781 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031