» » "Өзім де келінмін": Сұлтанқызы енесін жеңуді қалайтын келіншекке қатты жауап берді

"Өзім де келінмін": Сұлтанқызы енесін жеңуді қалайтын келіншекке қатты жауап берді

   Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өзінің Instagram желісіндегі парақшасына оқырманынан келген қызықты хатты жариялады.
"Үйге өзім өліп шаршап келсем, енем отыр нервқа тиіп. Анаңдай жақсы көріп, иіле берген сайын маңдайына жұлдыз бітіп, шалқайып қалады.
Жалпы ешкімді, енені особенно, басқа шығармау керек.
Ененің күйеуіңе сіңірген еңбегі бар шығар, бірақ келінді баққан ене емес, никому она (сноха) никогда ничего не должна. Сүйікті Енем менің, сізді бәрібір жеңем!", - деп жазылған хатта.
Ал оған не деп жауап берерін білмеген журналист "жең" дейін десе өзі болашақ ене екенін, "жеңіл" дейін десе өзі де келін екенін айтқан.
"Әй, әйелдер-ай, әйелдер! «Жең» дейін десем, өзім болашақ енемін, «жеңіл» дейін десем, өзім де келінмін. Аман болыңыздаршы, бастысы", - деді ол.
Әдеттегіше, оқырмандар ойларымен бөлісіп, пікірлерін жаудырды.
"Сен енеңді жеңсең сені ертең келінің жеңеді!!!", "Ол кісілерді жеңем дегенше өзімізде бір жақты боламыз ау(азіл) аман болсын енеміз" , "Ойбай", "Мен өз басым енемді өте жақсы көремін,бірге тұрғаныма 15жыл", - деп жарыса жазды оқырмандар.
08 қыркүйек 2019 ж. 749 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031