» » Кәсіпкерлік дегенше...

Кәсіпкерлік дегенше...

   Кәсіпкерлік және туризм басқармасы және өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткен аптада Жаңақорған ауданына пресс-тур өтті. Мақсат – кәсіпкерлік нысандарды аралау, кәсіпкер жұмысын халыққа көрсету, бағдарламалардың тиімділігін насихаттау.
    Ауданда жұмыссыздықты азайту мақсатында біршама іс атқарылуда. Сонымен қатар жастарды егін егуге, еңбекке баулуға үйрету басты жолға қойылған. Мәселен, биыл Жаңақорған кенті бойынша 49 гектар жер қоршауланып, бақша көкөніс, жүгері және картоп дақылдары орналастырылып, жұмыссыз 15 адам жұмыспен қамтылған. Оның ішінде 5 адам кәсіпкер ретінде тіркелді. Қазіргі таңда 15 га көкөніс дақылының әр гектарынан 180 центнерден 270 тонна, 10 га бақша дақылының гектарынан 210 центнерден 210 тонна және 5 га жүгері дақылының гектарынан 25 центнерден 12 тонна өнім алынып, ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау жұмыстары жалғасуда. 2019 жылы барлық агроаймақ бойынша 326 гектар жер қоршаланып, 259 гектарына ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылып, қалған жер көлемі тыңайған жер ретінде келесі жылы дақыл орналастыруға қалдырылды. Жұмыссыз 97 азамат жұмыспен қамтылып, осы азаматтарды кәсіпкер ретінде тіркеу жұмыстары жүргізілуде.      
Жоғарыда атап өткен 49 гектар жердің 10 гектары жас кәсіпкер –  Наурыз Тұрлыбековке тиесілі. Оның жасы 25-те. "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы арқылы қайтарымсыз 750 мың теңге алған. Бүгінде көп жастар бара бермейтін тың кәсіпті игерген Наурыз еңбегінің жемісін көруде. Жалпы егін егу оңай шаруа емес. Ал біз Наурыздың бейнеттен қашпайтынына көз жүгірттік.
– 10 гектар жерге бақша өнімдерін ектім. Оның ішінде картоп, қауын-қарбыз, асқабақ, жонышқа бар. Егін алқабында осымен үшінші жыл егін ектік. Биыл арам шөп басып кетіп, оны тазарту қиынға соқты. Осы жерді қолға алып, үлкейткім келеді. Көктемдік картопты 120-дан, 28 тонна қауынды 40-45 теңгеден саттым. Ендігі кезекте жонышқа ору жұмыстары жүргізіледі, – дейді жас кәсіпкер.
Аудан бойынша «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту, жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына сәйкес 300 жоба бойынша несие алу жұмыстары жоспарланып отыр. Осы бағдарламаның ІІ бағыты «Бастау Бизнес» жобасына бүгінгі таңға 274  адам оқуға өтініш берді. Бүгінде 120 адам оқуын бітіріп жобасын қорғап, тиісті сертификат алды. Ал  «Бизнес Кеңесші» жобасында 90 адам білім алды.
Бір топ БАҚ өкілдерінің келесі бағыты – авто ателье. Елдос Кеншібаев былтыр "Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасы арқылы бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында қайтарымсыз 870 мың теңге алған.
Ол машина орындықтарының жапқышын ауыстырады. Қазіргі таңда бір өзі жұмыс істейді. Алдағы уақытта қосымша жұмыс көзін үлкейтпек. "Бірінші жарнама жасап, тұтынушыларды көбейтіп алғым келеді. Қазіргі таңда жақсы тапсырыс түсуде. Бүгінде 5-6 машинаның шехолын ауыстырдық. Тапсырыс кенттен түседі.  Материалды Түркістан, Алматы, Шымкенттен арнайы тапсырыс арқылы алдырамыз. Жалпы 870 мыңға тігін машиналарын алдық. Негізгі мамандығым модилер-конструктор, – дейді 24 жастағы кәсіпкер Елдос Кеншібаев.
Елдос өзі тігіп,  өзі пішеді. Тігін машиналарымен қажетті құралдардың бағасы 1 млннан асады. Өз қаражатынан 400-450 мың қаржы жұмсалған. Қазіргі таңда сұраныс көп. Әлеуметтік желі арқылы жарнама жасайды. Таныс арқылы тапсырыс алуға басымдық көп. Ең төменгі бағасы – 40-45 мың. Материалдың сапасына қарай баға да өзгереді. Материал түрін тапсырыс беруші өзі таңдайды.
Пресс-тур барысында "Жас project" жеңімпаздары Дінмұхаммед Дүйсенбаев және Рахмет Наргизаның жұмысымен таныстық. Ол туралы газеттің алдағы санында кеңінен жазатын боламыз.
 Айта кетейік, 2019 жылдың 1 тамызына тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 4126, оның 252 заңды тұлға, 1645 шаруа қожалығы, 2229 жеке кәсіпкер (оның ішінде жас кәсіпкер саны 701), ондағы белсенді субъектілер саны – 3988, ал жұмыспен қамтылған адамдар саны –9244 адам. Бүгінде 4374,8 млн теңгенің өнімі  (оның 1273,3 млн теңгесі өнеркәсіп өнімдері) өндіріліп, түрлі қызмет көрсетті.
М.КЕНЖЕҒҰЛОВА
06 қыркүйек 2019 ж. 522 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930