Қобыланды батыр жырын 100 оқушы жаттады

– Аталмыш байқау "Qazaq Epos" республикалық ағарту жобасы бойынша ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" және "Ұлы даланың жеті қыры" мақалаларында қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында ұйымдастырылды. Мақсат – өскелең ұрпақты халық поэзиясына, қазақ халқының рухани асыл мұрасына деген сүйіспеншілікке және патриотизмге тәрбиелеу. Жалпы байқау 6-10 сынып аралығында өтеді. Байқаудың шарты 132 беттен 5206 жолдан тұратын "Қобыланды батыр" жырының Марабай жырау нұсқасын жатқа айтып, жырдың ішіндегі көнерген, тарихи сөздердің мағынасын ашып, қазақ тілі мен әдебиеті оқулығы бойынша әзірлеген сұрақтарға жауап беру. Атап айту керек, Сырдария ауданының білім бөлімінің басшылығы, мұғалімдері, оқушылары "Қобыланды батыр" жырынан үзінді оқып, белсенді араласуда, – деді Мәди Бекмағанбетов.
Қазіргі таңда жүздеген оқушы жырды толық жаттап алды. Байқау үш кезеңнен тұрады. Аудандық, облыстық, республикалық деңгеде бақ сынайды. Ақтық кезеңнен өткендер Нұр-Сұлтан қаласында онлайн режимде сайысқа түседі.
"Қазіргі таңда байқау әділ өткізіле ме" деген сұрақ жиі қойылуда. Қазылар алқасында мектеп директорлары болмайды. Қазылар алқасы арнайы дайындалады.
– Байқау ашық түрде, жария өтетін болады. Оған кез келген азамат қатыса алады. Бүгінде 4000-ға жуық қатысушы бар. 1500-ге жуығы мұғалім, 3000-ға жуығы оқушы. Байқауда бәсекелестік жоғары. Сондықтан байқаудың сапалы, әділ өтетініне аса мән беріп отырмыз. "Жаттасаң сенікі, жаттамасаң кітаптікі" деген бар. Жыр жаттау балалардың ішкі рухани кодын оятып, адами болмысын қалыптастырып, батыр болуға ынталандырады, – деді "Тұлпар мініп, ту алған!" байқауының Қызылорда бойынша штаб жетекшісі Дәурен Сейтжанұлы.
Айта кетейік, аудандық кезеңде топ жарған оқушы 150 000, ІІ орын 100 000, ІІІ орын 50 000 теңге алса, облыстық кезеңнен І орынға 1 млн. теңге, ІІ орын ІІ орын 600 мың, ІІІ орын 300 мың теңге иеленеді. Сондай-ақ жеңімпаз деп танылған оқушылардың мұғалімдеріне бөлек жүлде қоры бар.
Мөлдір САБЫРЖАН