» » Универсам дегенде...

Универсам дегенде...

Күн бата жаның қысылатын ауданның бірі қаладағы «Универсам». Күндіз толған адамымен қайнап жататын жерден барлығын табуға болады. Ең басы дүкеннен басталып аяғы фаст фудтың жетегінде кетеді. Бір қызығы, көп қабатты үйлердің арасында қарбыз-қауын сататындар да көбейді. Аумақ қала орталығында болғандықтан бұл сәл өрескелдеу жағдай. Көп қабатты үйлердің арасындағы өте лас қоқыстарды санамағанда кей адамдардың өзін-өзі ұстауы әдепке жатпайды. Күннің атысы дені қарны сау бір топ ерекек қол-аяғының өткен-кеткеннен ақша сұрап жүреді. Бұларды қайыршыға теңеу қиын–ақ. Бірақ жағдай солай. Бір қызығы кейбірі, мылқауланып жалбарынады. Қазақтың жүрегі жұмсағырақ болған соң шығар, қалтасындағыны бере салады. Басқа мезетте әлгі мылқаулар жарқын күліп, жолдастарымен әңгіме-дүкен құрып тұрады. Бұны қолға кім алады? Мәселен, олар көшедегі ересектерге сескене қарағанмен  мектеп оқушыларына шамасы жетеді. Бүлдіршіндердің зардап шегуі әбден мүмкін. Аталған ауданда бір-неше бейнебақылау камерасы орнатылған. Алайда «Ромашка» дәріханасының артында бұрын көз шалатын камера тіпті байқалмайды. Деседе, камераға арналған бағананың өзі тұр. Бұл жағдайдың орнын дереу толықтыру қажет. Дәріхана демекші, осы жақтың тұтынушылары әлгі азаматтар. Жұрттан тапқанына медециналық спирт сатып алып керегіне жаратады. Бұнымен қоймай оны көрінген жерге тастап кетеді. Ал ойын балалары оның құтысын сындырып ойнайды. Бұл жерден ең кемі 1000 дана бос спирттің құтысын табылады деген әңгіме шындыққа жанаспайтындай көрінгемен бар шындық осы. Осындай жағдай әрине жанға батады
Дамир АМАНГЕЛДІ
11 қыркүйек 2019 ж. 407 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031