Кинологқа көмек

Төтенше жағдайларды жою жөніндегі топтарда болған иттер үйінді астынан адамдарды табуға, оларды алып шығаруға және шалғай жерлерді барлауға қабілетті. Мұндай иттер соғыс аймақтарында пайдаланылады, олар тіпті жарылғыш заттарды да анықтай алады.
2015 жылы штаттық құрамын ұлғайту кезінде жасақтың базасында кинологиялық бөлім құрылды, онда 3 кинолог қызмет етеді. Бүгінде 3 қызметтік ит сертификатталған сынақтан өтіп, оларға іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу құқығына «А» сыныбы берілді. 2017-2018 жылдары кинология бөлімшесінің қызметкерлері қызметтік иттермен бірге Алматы қаласындағы Ішкі істер министрлігінің Кинология орталығында біліктілігін жоғарылатты.
"Ең бастысы, ит пен кинолог бір бүтін болуы керек" ‒ дейді Ержан Исмайылов. ‒ Кәсіптің барлық негізін және қыр-сырын біле отырып, кинологияның жұмысы жаңа деңгейге жетті. Бұл иттердің сертификатталған сынақтардағы тамаша нәтиже көрсетуі байқалады, ‒ дейді маман. Қазір полигонда тәжірибелі үш иттен басқа, жас күшіктер де тәрбиеленуде. Өткен жылдан бастап жас төрт аяқты жауынгерлерге еріктілер де қолғабыс етуде. Еріктілер жас күшіктерді ортаға бейімдейді, яғни жас иттерді адамдар көп жиналған жерде тыныштандырады. Сонымен қатар олар иттерге дағдыларды үйрете алады, әр түрлі жағдайда мінез-құлқын зерттейді, оқыту ережелерін үйретедщі. Мамандардың пікірінше, иттермен байланыс жасөспірімдер бойындағы ашушаңдықты азайтып, жауапкершілікті дамытады.
Ольга Чебакова,
«Қызылорда еріктілері» қоғамдық қорының
директоры