» » Мамандығым мақтанышым

Мамандығым мақтанышым

    Ұстаз ‒ оқушы үшін ігіліктің иесі, өмірдің қыр-сырын үйретуші тәлімгер, адамгершілікке баулитын тәрбиеші, жан дүниеңді көзқарасыңнан танитын психолог .
        Иә, халқымыздың, ата-бабаларымыздың ежелден келе жатқан өмірлік тәжірибесін, салт- дәстүрін, әдет-ғұрыптарын, жақсы қасиеттерін, бүгінгі заманның озық жетістіктерін жас ұрпақ ұстаз арқылы, оның айтқан тәлімді сөздері мен өнегелі істері арқылы үйренеді. Ал, бұл міндет қашанда  жауапкершілікті талап етеді.  Сондықтан ұстаз ‒ мәртебелі мамандық.
           Осы орайда қолыма алғаш Әліппе ұстатқан сүйікті апайым Ақжанова Зинеш апайдың қарапайым жарқын бейнесін, қасиетті ана тілімнің құдіретін бойыма дарытқан Ділдабаева Жақсыгүл апайдың еңбекқорлығын, Байзілдаева Фатима мен Сәдірбаева Оразкүл апайлардың аналық қамқорлығын ерекше атап өткім келеді.
          Мен Қорқыт ата университетінің  колледжін  және «Болашақ» университетін ағылшын тілі мамандығы бойынша тамамдап , мамандығым бойынша еңбек жолымды №191 орта мектептен бастадым.  Жанымда өз ісінің майталмандары болды. Өз анам отыз жеті жылдан бері осы мектепте абыройлы еңбек етіп келеді. Мен  өзімді осындай кісілердің кәсіби шәкірті болғанымды мақтан тұтамын. Барлық ұстаздық ғұмырында абыройын аласартпай,ұлы есімге лайық болған жандарға бас иемін. Енем де ұзақ жыл №130 Абай атындағы орта мектепте ұстаздық қызметте болған.  Бұл мұғалім үшін зор бақыт, үлкен қуаныш.
        Ұстазы қандай болса, қоғамы да сондай болмақ  деген бұлжымыс заңдылық бар. Ұстаздың  еңбегін өзінің мәнділігі бойынша өзге еңбекпен салыстыруға болмайды, өйткені ол еңбектің нәтижесі – адам.
 Гүлшат Әділбайқызы,
Сырдария ауданы

15 қыркүйек 2019 ж. 2 049 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930