» » Тілдер мерекесі қарсаңында

Тілдер мерекесі қарсаңында

  Назарбаев Зияткерлік мектебі Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай қабырға газеті байқауын ұйымдастырып тағы да озды.
Таңертеңгі уақытта мұғалімдер оқушыларға арнап танымдық ойындар ұйымдастырды. Мектеп алдында келушілерді қарсы алған 11 сынып оқушылары неміс тілінде онлайн-викторина өткізсе, сегізінші сынып оқушылары орыс тілінде қызықты ойындар арқылы оқушылардың тіл байлығын арттырды. Тағы бір топ қазақ тілдегі мақал-мәтелдердің сыңарларын табудан жарыс өткізді. Кейбір оқушылар кәріс тіліндегі нақыл сөздермен танысты. Өзбек тілінде өткен көңілді сайыстар да қатысушылар арасында ерекше қызығушылыққа ие болды. Мерекелік шараға қатысқан оқушыларға ұйымдастырушылар тәттілерді сыйға тартты. Түстен кейін оқушылар қабырға газеті байқауында бақ сынасты. Шара барысында ережеге сай тіл дамуына үлес қосқан тұлғалар туралы, олардың өмірінен қызықты деректерді қағаз бетіне түсіріп, жоба қорғады. Жас зияткерлер алғашқы қазақ оқу құралына және баспасөз тарихына, латын графикасы мен тіл жанашырларының өміріне зерттеу жүргізіп, түрлі маңызы зор ақпаратпен бөлісті.
Әділ қазылар баяндаманың мазмұнына, тақырыптың өзектілігіне, тың деректерді ұсынуына және қабырға газетінің креативтілігіне қарай оқушыларды бағалады.
12 қыркүйек 2019 ж. 610 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031