Мемлекеттік тіл – менің тілім

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы оқырмандардың тіл байлығын, интеллектуалды және шығармашылық қабілеті дамыту мақсатында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты ток-шоу ұйымдастырды. Ток-шоуға Абылайхан мен Кызылорда гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенттерінен құралған екі топ қатысты. Олар білімділігін, қызығушылығын, ана тілге деген сүйіспеншілігін тіл туралы өлеңдер оқу арқылы көрсетті.