Мониторинг

   Сырдария аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасымен 2019 жылдың 6 айында тауарлардың қауіпсіздігіне жүргізілген мониторинг шеңберінде азық-түліктік және азық-түліктік емес өнімдерден барлығы 204 сынама сатып алынды. Оның ішінде май және май өнімдерінен 10 сынама, ет және ет өнімдерінен 21 сынама, балық және балық өнімдерінен 2 сынама, құс және құс өнімдерінен 6 сынама, шырындардың 11 сынамасы, кондитерлік өнімдерден 20 сынама, алкогольсіз сусындардан 13 сынама, сүт және сүт өнімдерінен 37 сынама, алкогольді сусындардан 5 сынама, табиғи минералды емдік-асханалық ауыз судың 8 сынамасы, ұн және жарма өнімдерінен 19 сынама, жеміс және көкөніс өнімдерінен 29 сынама, балалар тағамынан 3 сынама, балалар және жасөспірімдерге арналған өнімдерден 1 сынама, емдік диеталық, диеталық профилактикалық тағамдардың 1 сынамасы, парфюмерлі-косметикалық өнімнен 11 сынама, ойыншықтардан 1 сынама, басқа да өнім түрлерінен 6 сынама алынды.
Анықталған сәйкессіздіктердің 37% ЕАЭО мүше елдерінен әкелінген өнімдердің, 7,4 % өзге елдерден әкелінген өнімдердің және 56 % отандық өнімдердің үлесінде.
Жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижесімен 204 сынаманың 13,2% (27 сынама) техникалық регламент талаптарына сай келмеді. Сәйкессіздік анықталған 27 өнімнің 7-еуінен микробиологиялық көрсеткіш бойынша ішек таяқшасы тобындағы бактериялар (колиформдар) табылған болса, 20 өнім таңбалануы бойынша заңнамамен белгіленген талаптарға сай болмай шықты, яғни 9 өнімнің қаптамасында мемлекеттік тілде мәліметтер берілмеген, 9 өнімде өнімнің шыққан күні көрсетілмеген, 2 өнімде Кедендік одаққа мүше мемлекеттер арасындағы айналымға рұқсат беретін бірыңғай белгісі жоқ.
Анықталған сәйкессіздіктер бойынша 9 кәсіпкерлік субъектісіне ұйғарым беріліп, 5 сауда объектісіне жоспардан тыс тексеру жүргізілді және 88375 теңгеге мөлшерінде айыппұл салынып, толық өндірілді.
Сырдария аудандық басқармасымен тағам өнімдерінің қауіпсіздігіне жүргізілетін мониторинг жұмыстары әлі де жалғасуда.
Сырдария аудандық тауарлар мен көрсетілетін
қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы
19 тамыз 2019 ж. 584 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031