» » Ерте ме, кеш пе?

Ерте ме, кеш пе?

   "Бүгінде жастар арасында ерте шаңырақ көтеру әдетке айналды. Жастар он мен солды ажырата алмай тұрып шаңырақ көтеруге асығады. Бойжеткендердің ерте тұрмысқа шығуы қате" дейді Жалағаш аудандық Coworking орталығында «Отбасы – бақыт мекені» атты кездесуде зейнеткер Салиха Нартаева .
Бұл еркін пікір алмасуда жастар "Жастар неге кеш шаңырақ көтереді" деген тақырыпта да ортаға салды. Бір қызығы, қатысушылар бір-бірінің пікірімен келісе алмады.  Ерлі-зайыптылардың айырылысуы тіпті кереғар пікір тудырды. Бірі "қыз бала мансапты ойлап жүріп, тұрмыс құруға кеш қалады" десе, енді бірі "өз өмірін өзі қалыптастырғанды жөн көреді" дейді. Мұнымен қоса "от басып, опық жегендер көп" деген пікір айтылды. Ұстаз, зейнеткер 5 баланың анасы Салиха апай өз кезеңі мен қазіргі таңдағы жастардың ойын салыстырып, жастарға байлыққа қызығып тұрмысқа шығудың қажет емес екенін, ең бастысы, тұрақтылық болуын алға тартты. Кездесуде Жалағаш аудандық сотының бас маман-аға сот приставы Жеңісбек Қонырбаев аудан бойынша ажырасуға 52 арыз түссе, соның 14-і медиация жұмысы арқылы шешімін тауып қайта қосылғанын мәлімдеді.  Сондай-ақ жас отбасының ажырасуының басты себептеріне тоқталды.  
17 қыркүйек 2019 ж. 418 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031